Таразда қоғамдық көлік апатқа ұшырады
Құдай сақтағанда зардап шеккендер жоқ. Өйткені автобустың ішінде жолаушылар болмаған.
Автор: Руслан Әбдіхалық
29.05.2018
Оқыс оқиға қаланың басты көшелерінің бірінде болды. Куәгерлердің сөзінше, автобус қатты екпінмен келіп жол жиегіне аударылған. Мұны көргендер адамдарды құтқарамыз деп техниканың жанына алып-ұшып жеткен. Алайда жүргізуші мен оның көмекшісі және кондуктордан басқа салонда ешкім болмаған. Олар дін аман. Тасымалдаушы компания басшысының айтуынша, апатқа ұшыраған қоғамдық көлікті бүгін рейске шығармай, жөндеуге жіберген. Сөйтіп, жарты жолда осындай жағдайға ұшырапты. Ал 24 жастағы жүргізуші бір жарым жыл бұрын ғана автобустың тізгініне отырған. Оның ауыр техниканың рөліне ие бола алмауына тәжірибесінің жетіспеуі себеп болса керек.
Арысбек Төлебаев, «ТаразТрансМоторс» ЖШС директоры:
-Алдынан жеңіл машина шығып бұрылып кеткен ғой. Содан қашамын деп тежегіш басып түсіп кеткен. Сөйтіп қисайып қалған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!