{metadescription}
Атышулы Алғабастағы тағы бір үй тұрғындарға үлкен қауіп төндірді
Атышулы Алғабастағы тағы бір үй тұрғындарға үлкен қауіп төндірді

Атышулы Алғабастағы тағы бір үй тұрғындарға үлкен қауіп төндірді

Бұл жолы 4 қабатты нысанның сыртқы сылағы опырылған. О баста шала-шарпы салынған үй дауыл емес, желге төтеп бере алмапты. Әйтеуір, оқыс жағдай түнде болып, адамдар зардап шекпеді. Бірақ, ауыр құрылыс материалдары көліктерді бүлдіріпті.

Алғабастың биік үйлері шетінен қисайып, жұртты шошытқаны есте. Енді 4 қабатты нысандарының сапасы сыр бере бастады. Пайдалануға берілгеніне небәрі 2 жыл болған мына ғимараттың сыртқы сылағы жексенбіде опырылған. Қайта оқыс жағдай түнде болып, тұрғындар зардап шекпеді.

Куәгерлердің айтуынша, ауыр құрылыс материалдары көліктерді бүлдірген. Оны аула тазалаушылар көп ұзамай жинап алыпты. Қазір нысанның қалған сылағы да босап тұр. Соған қарамастан, аумақ қоршауға алынбаған. Қаупі жоғары жерде балалар емін-еркін ойнауда. Жұрт кемшілігі бастан асатын бұл үйден пәтер алғандарына әбден өкініп қалыпты.

Төрехан Исаев, Алматы қаласының тұрғыны:

-Ертең үй құлап қалуы да мүмкін ғой. Келген кезде-ақ сапасына менің көңілім толмаған. Мына алдыңғы подьезі, міне, құлайын деп тұр. Оны көрген шығарсыздар.

Расымен, үйдің ішіне дейін жарықтар пайда болған. Тіпті, мұндағы өзге үйлердің де сыртқы қаптамалары құлағалы тұр. Құрылысқа тұрғын үй басқармасындағылардың көңілі о баста толмапты. Әрі жағдайды ретке келтіруді өтініп, құрылыс басқармасына талай жүгінгендерін айтады.

Рустам Смайылов, Алматы қ. тұрғын үй басқармасының инспекторы:

- Тапсырыс беруші құрылыс басқармасы. Сондықтан, үйді жөндеуге солар міндетті. Нысан пайдалануға берілетін кезде кем-кетігі көп болды. Біз бұл туралы бірнеше рет ескерткенбіз. 

Шенділердің сөзі бір-біріне қарама-қайшы болып шықты. Құрылыс басқармасы үйдің сапасы жайлы ешқандай ескерту алмадық дейді. Соның арты осындай жағдайға әкеліпті-мыс.

Қуандық Айтмағамбетов, Алматы қ. құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

-Негізі жыл сайын КСК-ның жұмыскерлері үйдің сыртын бәрін қарап шығуы керек. Қандай-қандай жөндеу  қажет. Егер де уақытында  жөндеу жасалса, ондайға ұшырамаушы еді.

- Екі басқарма бір-біріне сеніп жүргенде, құрылыс компаниясы жауапкершіліктен сытылып кетті. Өйткені, кепіл мерзімі аяқталған. Амалсыз жөндеуді құрылыс басқармасы мойнына алды. Олар 2 аптаның ішінде үйді ретке келтірмек. Әне-міне қасбеті қирағалы тұрған Алғабастағы өзге нысандарды да бақылауға аламыз деп уәде етті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.