Алматыда су ұрлап ішетіндерге тосқауыл қойылмақ
Құзырлы мекеме өкілдерінің айтуынша, соңғы уақыттары қалада орталық су және кәріз құбырына заңсыз жалғанған нысандардың қатары көбейген. Бір айдың ішінде дәл осындай 100-ге жуық құқық бұзушылық анықталыпты.
Автор: Мақсат Мәлік
29.05.2018
Алайда, ақша төлеуден жалтарған тұрғындар тексеріске келгендерді есігінен де сығылатпайды екен. Сондықтан суық суды көшеден ажыратып кетеміз дейді мамандар. Заңды белшесінен басқандардың арасында жер үй иелерімен қатар, білдей құрылыс компаниялары да бар. Енді заңнан аттағандар қосымша 20 миллион теңге төлеуге міндеттелген. Айыппұлдың ең төменгі көрсеткіші 150 мың теңге. Ал, су ұрлағандарға тойтарыс береміз деп салы суға кеткен мамандар, заңға көнбейтіндердің дені қымбат котедждерде тұратын бай-бағландар дейді.
Нұрлан Бопазов, «Алматы су» МКК бас маманы:
-Біз заңсыз қосылған тұтынушыларға айтып жатырмыз: о кісілердің жағдайы болмаса, қанша төлей алады? Қандай құжаттары бар, сонымен келсін. Сонымен келгесін, төлемдерін 5-6 айға дейін бөліп береміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары