Ақтөбеде ұйқы бермегені үшін көршісін өлтірген әйел жындыханаға жабылды
Жындыға жаза жоқ! Ақтөбеде палатасындағы көршісін буындырып өлтірген Марина Солдатоваға қатысты сот ісі тоқтатылды. Себебі, ақыл-есі кем науқасты түрмеге қамағанмен түзелмесі анық.
Автор: Жаңалық Ахаш
29.05.2018
Енді 28 жастағы әйел күзеті күшті психоневрологиялық диспансерде еркінен тыс емделетін болды. Соттың шығарған шешім – осы. Ал оның қолынан қаза тапқан Жазираның туыстары бұл шешіммен келіскенімен, диспансер қызметкерлерінің жазаланғанын қалап отыр. Өйткені, олар ақыл-есі кем адамдарға арналған үйде керуертке таңылған науқасты аяқ-қолы сау адаммен бір палатаға жатқызғанын түсінбейді. Сондай-ақ, мамандар жөндеп бақылағанда мұндай қайғылы оқиға болмас еді дегенді айтады. Әйтсе де, жындыхана қызметкерлерін жазалау үшін алдымен сотқа бөлек шағым түсіруі керек екен. Айта кетелік, Марина Солдатова ыңырсып ұйқысын қашырған көршісін алдымен соққыға жыққан. Одан соң ауызына шүберек тығып, қылқындырып өлтірді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!