{metadescription}
0:000:00
Ыстық судан қағылған оралдықтар жаппай монша жағалап кетті

Ыстық судан қағылған оралдықтар жаппай монша жағалап кетті

Мәселенің төркіні тариф! Жаппай ыстық судан ажыратылған Орал қаласының әкімі мәселені ақшамен шешуді ұсынды. Ыстық су бағасының бірталай жылдан бері көтерілмегенін тілге тиек еткен шаһар басшысы тұрғындарға көбірек төлесе, судың ендігәрі өшпейтінін тұспалдамай-ақ жеткізді. Ал жалпы қала бойынша ыстық судың өшіп қалғанына қарапайым жұрттың емес, кезінде ақшаны уыстап жеп ұсталған басшылардың кінәсі боп шықты.               

Сынап бағанасы жиырма градус жылыны көрсеткен шақта оралдықтар жаппай шарасын құшақтап монша жағалап кеткен. Бұған  апталап ыстық сусыз отырулары себеп. 

Сағындық Тауасов, Орал қаласының тұрғыны:

-Бұл моншаға соңғы мәрте қашан келгенім есімде жоқ. Үйде ыстық су бар еді ғой. Соған жуынатынбыз. Енді міне жүрегіміз нашар болса да, жуыну үшін осында екі күннің бірінде келуге мәжбүр болдық. Оның үстіне ақша шығын. Суға төлейміз ба, моншаға төлейміз ба?

Ал қалада жаппай ыстық судың өшірілуіне үш жүз мың тұрғынның емес, 2-ақ шенеуніктің кінәсі екен. Бұған дейін «қарызы көбейді» деп халықты жазғырғандар нағыз шындықты айтты. Сөйтсе, жылу беретін мекемені кезінде бірінен соң бірі басқарған қос бірдей басшысы да ұры боп шығып, соның орны енді білініп жатыр екен. 

Мұрат Мұқаев, Орал қаласы әкімі:

-Ең басты себептерінің бірі осының алдындағы «Жайықжылуқуат» компаниясы басшыларының көптеген қателіктерінен болды деп есептейміз. Неге десеңіз, осыдан 5 жыл бұрын және 3 жыл бұрын қылмыстық істер арқылы 600 миллионға жуық қаражат бұл жаңағы жымқырылған болатын.

Десе де, ұрыларды атап, халыққа ұнап қалған әкімнің айтқысы келгені мүлде басқа боп шықты.   Әкім кезінде мекемеден ұрланған ақшаның орнын толтырудың осындай оңай жолын тауыпты. Яғни, қала емес, қарызданған мекеме басшысындай баға өсіру мәселесін төтесінен бір-ақ көтерді. Алайда, аз-маз қарыздың өзін төлей алмай отырған жұрттың жаңа тарифті қалай өтері белгісіз. Десе де, әкімнің бастамасы оның компаниядағы аттасына майдай жақты. 

Мұрат Бәйменов, «Жайықжылуқуат» АҚ Бас директоры:

- Компания қарызының кесірінен бүкіл халықты ыстық сусыз қалдырған дұрыс емес. Оны мойындаймын! Бірақ, құр құрап отырған жоқпыз. Қарызы бар тұрғындардан ақша жинап жатырмыз. Тым болмаса жартысы жиналса, ыстық суды қосамыз.

Компания басшысы сұхбатын аяқтамастан тілшілерден тұра қашты. Десе де, алпауыттар алақан ысқылағанымен қарапайым жұрт алақан жайып қалуы әбден мүмкін. Өйткені, ыстық судан бөлек, халық нөпірінің көптігінен монша бағасы да өскелі жатыр.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде