{metadescription}
Әбдірахманов Қытайда қамауға алынған қандастарымызды құтқарудың қиындығы туралы айтты
Әбдірахманов Қытайда қамауға алынған қандастарымызды құтқарудың қиындығы туралы айтты

Әбдірахманов Қытайда қамауға алынған қандастарымызды құтқарудың қиындығы туралы айтты

Қытайда қамауға алынған қандастарымыздың алды бостандыққа шыға бастады. Бүгін  еліміздің Сыртқы істер министрі Шыңжаң автономиялық ауданында қысым көріп, түрмеге жабылған этникалық қазақтарды босату туралы келіссөздердің алғашқы нәтижесімен бөлісті.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

-Біздің мәлімет бойынша 12 қандасымыз қамауға алынған болатын. Келіссөздердің нәтижесінде 9-ы босатылды. Бізге Қытай тарапы әрбір азаматымыз туралы мәліметті беріп отыр. Осы Қазақстандағы Қытай елшілігі, Алматыдағы бас консулдығымен де келіссөздер жүріп жатыр.

Десе де түрмеде  әлі қандастарымыз бар. Министрдің мәліметі бойынша, олардың барлығы кезінде тарихи отаны –қазақ жеріне қоныс аударғанымен, Қытай азаматтығынан толық шығып үлгермепті. Сөйтіп, шаруасын бітіру үшін қайта шекара асқанда қолдарына кісен салынған.  Әрі осы секілді құжатында шикілігі бар тағы 170-ке жуық қазақ қазір қиындық көріп жүр екен. Сыртқы Істер ведомствасының басшысы осы отандастарымызға көмек көрсету үшін ресми Бейжіңмен әлі де келіссөздердің жалғасатынын айтып отыр. Бірақ, бұл қиынға соғып жатыр дейді министр. Себебі  заң бойынша, қандастарымыз Қытай азаматтары. Оның үстіне Әбдірахманов  Вена конвенциясына сәйкес бір елдің ішкі мәселесіне, өзге мемлекеттің араласуына тыйым салынғанын айтып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде