Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВ
- Telegram
Жамбыл облысында ондаған ауыл мал жайылымынсыз қалды
Өйткені кешегі дала өртінен 100 гектардан аса жердің түгі қалмай жанып кеткен
Автор: Руслан Әбдіхалық
29.05.2018
Өрт Тұрар Рысқұлов ауданындағы «Сасық» атты қарасора алқабынан тұтанып, Байзақ ауданына қарай шапқан. Жел қуған қызыл жалын тез арада мұндағы орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесіне қарасты аумаққа жетеді. Аудандық әкімдік тек сонда ғана өре түрегеліп, жалынды сөндіруге адамдарды жаппай жұмылдырған. Төтеншеліктердің мәліметінше, тілсіз жауды ауыздықтауға жалпы саны жүзден аса адам мен 16 техника тартылыпты. Сөйтіп, өрт түн орасында сөндірілді. Қазір осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ал болжам бойынша, отты қарасора, яғни есірткі шөбін жинауға келгендердің бірі тұтандырған болуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВ
- Telegram