{metadescription}
Ақтөбедегі қалалық сотта татуласу бөлмесі жұмыс істеп жатыр
Ақтөбедегі қалалық сотта татуласу бөлмесі жұмыс істеп жатыр

Ақтөбедегі қалалық сотта татуласу бөлмесі жұмыс істеп жатыр

Енді ажырасуға арыз түсіргендер ең алдымен осы бөлмеге кіріп шығады. Онсыз процесс басталмайды.

Бұл бөлме сот залының ешбіріне ұқсамайды. Мұнда дауласқан қос тарапқа, тіпті адвокаттар мен прокурорларға арналған орын жоқ. Шағым түсірген ерлі-зайыпты судьяның алдында қатар отырады. Арызданғандар өз қалауы бойынша стол басында немесе диванда ашық әңгімесін айта алады. Ал судья мантия кимейді. Ондағы ойы сұсты формамен келген адамды қорқытып алмау. Сондай-ақ соттағылар шешім шығаруға асықпайды, алдымен психологилық қолдау көрсетіп, некені бұзбауға барын салады. Жыл басынан бері қалалық сотқа 500-ден аса ақтөбелік жұп арыз түсірген. Сөйтіп, бұл өңір ажырасу жөнінен ел бойынша алдыңғы орынға шықты. Ал бір айға жуық жұмыс істеп жатқан татуласу бөлмесіне бас сұққан 27 адамның некесі сақталып қалыпты.

Айгүл Абдуллина, Ақтөбе қалалық сотының судьясы:

-Енді сот болғасын біреулер үреймен келеді. Түсіндірген соң  кейін кейбіреулері  отбасын сақтап қалсам деген тұжырымға келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.