{metadescription}
0:000:00
Павлодарда Ішкі істер департаменті көлік жүргізушісіне 25 мың теңге қарыз боп қалды

Павлодарда Ішкі істер департаменті көлік жүргізушісіне 25 мың теңге қарыз боп қалды

Виталий Савичкиннің көлігін 4 ай айыппұл тұрағында заңсыз ұстаған полицейлер оған 25 мың теңге өтеуі тиіс.

Бастапқыда жарты млн теңге сұраған арызданушының сомасын сот  қысқартып, тәртіп сақшыларын 5 пайызын ғана төлеуге міндеттеді. Оқиға былтыр күзде болған. Шығыс Қазақстаннан Павлодарға «Мерседесін» айдап әкелген ер адам оны сол жақта тіркеуден шығарғанымен, мұнда тіркеп үлгермепті. Көлік вин-коды әріптерінің қажалғанын аңғарған  жергілікті полицейлер оны айыппұл тұрағына жіберіп, сараптама тағайындаған. Кейін қылмыс құрамын таппадық деген полицейлер істі жауып, ақыры «Мерседесті» иесіне қайтарған. Бірақ 25 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттепті. Ал 4 ай жаяу жүрген Виталий Савичкин бұдан соң полицейлердің өзін сотқа беріп, 500 мың теңге материалдық шығын талап етті. Өйткені, такси болып жүрген оның жұмысы осы жайттың кесірінен тоқтап, несиеге алған көлігі бүлініп те үлгеріпті. Сот  шешімімен келіспеген Савичкин енді оны бұздыруға күш салмақ.

Виталий Савичкин, көлік иесі:

– Өзім төлеген 25 мың теңгемді қайтарып бермекші. Сонда бұл мені мазақ қылғандары ма?Қанша уақыт жаяу жүрдім, сол кезде көлігімнің капотын тот басып кетіпті. Оның бәрін кім жөндейді? Прокуратураға шағымданамын. Маған материалдық шығын төлесін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде