{metadescription}
​Көкшетауда тұрғындар отқа оранған сауда үйінің сүрілуін талап етіп отыр
​Көкшетауда тұрғындар отқа оранған сауда үйінің сүрілуін талап етіп отыр

​Көкшетауда тұрғындар отқа оранған сауда үйінің сүрілуін талап етіп отыр

Айтуларынша, бұл ғимарат 10 жыл бұрын тұрғын үйлердің ауласына заңыз тұрғызылған. Ол кезде де жұрт орнынан алынып тасталуын талап етіп, сотқа жүгінген. Сот та «сүрілсін» деген шешім шығарыпты. Алайда шешімнің орындалуы созбаққа салынып, ақырында сауда үйінің қожайыны тиісті құжаттарын жасатып алған екен. Сөйтіп, бәрі ұмытылғандай еді. Ал өткен аптадағы өрт тұрғындардың байырғы мәселені қайта қозғап, ғимараттың сүрілуін тағы да талап етуіне түрткі болды.  

Триумф» сауда үйінде от лап ете түсіп, айнала қою қара түтінге оранғанда көрші тұрған екі бірдей көпқабатты үйдің тұрғындарынан зәре кеткен. Олар балаларын алып, алды-артына қарамай далаға ұмтылыпты. Себебі, сауда үйі көпқабатты үйден 10 метрдей жерде ғана тұр. Әу бастан жұрт осыны айтып, талай шулаған еді. Бірақ жерді небәрі 109 мың теңгеге сатып алған қожайынның құрығы ұзын болғанға ұқсайды.

Александр Фролов,Көкшетау қаласының тұрғыны:

-Мына алапат өрт көрсетті ғой қаншалықты қауіпті екенін. Кәсіпкер ғимаратты біздің ауламызға салып алды.Соттың шешімі де болды кезінде. Сүріп тастау керек болатын. Ол кезде прокурор салғызып жатыр деді. Біздің қолымыздан не келеді? Талай шықтық айғайлап.

Жұрттың айғайы түгілі, сот шешімін де ешкім пысқырмаған. Ал осы жолғы өрт олардың ашуын тағы туғызды. Өйткені қызыл жалыннан  ауладағы бірнеше автокөлік бүлініп, жоғарғы үш қабаттағы пәтерлердің терезе әйнектері шытынаған. Әзірге ол шығынның орнын кім толтырары белгісіз. Сауда үйінің қожайыны Асқар Назаров болса, жұртпен сөйлесуден басын ала қашты. Ал оның ұлы бірден ақталуға кірісті. Ол өрттің шығу себебі, шығын көлемі әлі нақты анықталмай жатып, оттың тұтануын темекі тұқылына меңзеді.  

-Құзырлы орындар ғимарат пайдалануға жарамды ма, жоқ па, қазір соны тексеріп жатыр. Әзірге сауда үйін сүріп тастайын деп жатқан ешкім жоқ. Өйткені қожайыны 2016-шы жылы «Триумфтың» құжатын заңдастырып алған. Сондықтан, жұрт қалай айғайласа да, бұрынғы балалар алаңқайын ешкім оларға босатып бере қоймайтын тәрізді. Осыдан 10 жыл бұрын бөлінген жер үшін де біз жауапты емеспіз деп отыр қазіргі басшылар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.