{metadescription}
Ақтау тұрғыны өзін алдап соққан адамды жауапқа тартқыза алмай жүр
Ақтау тұрғыны өзін алдап соққан адамды жауапқа тартқыза алмай жүр

Ақтау тұрғыны өзін алдап соққан адамды жауапқа тартқыза алмай жүр

Сан соғып қалды. Ақтаулық келіншек банктен 440 млн теңге несиені кепілсіз алып берем деген брокерлік кеңсеге жалпы сомасы 35 млн теңге берген. Алданғанын кеш түсініп сан соғып қалған. Олардың қолхаты болғанмен, әлі күнге жазаланбағанына күйінеді.

Сәнгүл Аманжолова құрылысқа қажет қаражат таппай біраз қиналған. Брокерлік кеңсенің қызметкерлері Ағия Жүсіпова мен Перизат Тажиеваның 440 млн теңгені банктен алып береміз деген сөзіне имандай сенген. Бірақ алдын-ала соманың 10 пайызын талап етіпті. Қарызданып-қауғаланып 35 млн теңгені қолдарына ұстатқан. Артынша уәде еткен несие тұрмақ, өзінің берген ақшасын ала алмай қалған. Әлгі екеуі ізім-қайым жоқ. Қор болған келіншек енді әділдікті қайдан іздерін білмей дал. Олардың құрығына өзі сияқтылар түсіп қалмасын деген келіншек полицияға сан мәрте шағымданғанмен, ешқандай шара қолданбағанын айтады.

Сангүл Аманжолова, жәбірленуші:

-Қайда барсаң да арыз жаз, анда арыз жаз. Жаза-жаза үйде менің үш том кітабым бар. Бармаған жерім жоқ.  Бас прокуратураға дейін бардым Астанаға. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.