Өскеменде қаланың қақ ортасындағы қоқыстан бірнеше адамның сүйектері табылды
Қорқынышты көріністі байқаусызда экологтар көріп қалған.
Автор: Аруна Ортай
30.05.2018
Мамандар кезекті тексеруге шыққан екен. Алайда, экологияға зиянды заттарды қарап жүргенде, адам сүйектері үстінен бір-ақ түсті. Мәйіт қалдықтары басқа қоқыстардың арасында жатқан. Оқиға орнына дереу жеткен полиция қақ бөлінген бас, жамбас сүйектері мен қабырғаларды дереу зертханаға жіберді. Енді ол расымен де адамның қаңқасы ма, әлде анатомиялық оқу құралы ма оны сараптама анықтамақ. Дегенмен экологтардың қорқынышы басылмай отыр. Айтуларынша, мәйіт қалдықтарының ашықтан ашық жатуы қауіпті. Әсіресе, таяқ тастам жерде тұрып жатқан азаматтарға түрлі ауру жұқтыруы әбден мүмкін екен.
Анатолий Филиппов, ШҚО Экологиялық қауіпсіздік орталық өкілі:
-Мұнда жекеменшік ұйымдар жер қазған болатын. Сүйектер сол кезде шыққан болуы мүмкін. Әрине, инфекциялық қауіп жоқ емес, бар. Түбегейлі тексеру керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!