«Kadex-те» болған кісі өліміне кім жауап береді?
Өліміне өзі кінәлі. Қорғаныс министрі «Kadex-те» қаза тапқан қария көрмеге заңсыз кіріп кеткен дейді. Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, қайғылы оқиға болған күні әскери қару-жарақты осы сала мамандары ғана тамашалуы тиіс болған.
Автор: Жәудір Оразхан
30.05.2018
Бейбіт Атамқұлов, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
-Марқұмның өзі кінәлі. Ол жалған құжатпен көрмеге жасырын кірген. Орталық есіктен өтпеген. Қазір тергеу жүріп жатыр. Сондықтан қайғылы оқиғаның қалай болғанын бүге-шігесіне дейін айта алмаймын.
Яғни, 66 жастағы кісінің көрмеге қалай және қай есіктен өткені белгісіз. Қазір әскерилерге марқұмның қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Ол күні қару-жарақ көрмесіне қарапайым адамдарға кіруге тыйым салынған екен. Естеріңізге салсақ, Елордада өткен «Kadex» көрмесінде қатты желден ер-адамның желкесіне темір тақта құлап кеткен еді. Қария ауруханада көз жұмды. Ал халықаралық көрмені билбордтармен көркемдеген жеке компания. Ұйымдастырушылар табиғаттың тосын мінезін ескермей, қауіпсіздік шараларын сақтамаған. Енді қайғылы оқиғаға жауап беретін де осы фирма.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!