{metadescription}
Зейнетақы қорының уақытында кері қайтара алмай, бас қайғыға айналған ақшасы көбейе түсті
Зейнетақы қорының уақытында кері қайтара алмай, бас қайғыға айналған ақшасы көбейе түсті

Зейнетақы қорының уақытында кері қайтара алмай, бас қайғыға айналған ақшасы көбейе түсті

Жыл басында мекеменің проблемалық активтері 37 миллиард теңге болса, қазір 41 миллиардқа өскен. Бұған жұрттың кәрілікке деп жиған қаржысы құйылған тағы бір отандық компанияның дефолтқа ұшырауы себеп. Қазір қор қызметкерлері тиімсіз инвестицияланған миллиардтарды қайтаруға барынша тырысуда.

Жинақтарымыз зейнетақы қорында бос жатпайды. Олар түрлі кәсіпорындарға құйылады. Сөйтіп, табыс әкелуі тиіс. Бірақ, миллиардтар сенімсіз компанияларға беріліп, оны зейнетақы қорының ұзақ уақыттан бері кері қайтара алмай жүргені бәрімізге белгілі.

Жыл басында проблемалық активтердің жалпы соммасы 37 миллиард теңге болды. Ол уақыт өте келе азаяды деп жүрсек, керісінше екен. Яғни, 4 ай ішінде қайтаруы қиынға соққан қарыз соммасы өсе түсті. Бұған себеп қордағы қаржы аударылған тағы бір кәсіпорынның дефолтқа ұшырауы.

Сәуле Егеубаева, «БЖЗҚ» басқарма төрайымының орынбасары:

-Қазір проблемалық активтер сомасы 41 миллиард теңгеге көбейді. Өйткені, биыл «Abdi Company» дефолтқа ұшырады. Кәсіпорын негізгі қарызды уақытылы қайтармай отыр. Олармен жұмыс істеп жатырмыз.

Мұндай жағдайлар жұрттың жинағын әрі қарай да инвестициялауға тосқауыл емес.Үкімет коммерциялық банктерге көмек ретінде 200 миллиард теңге бөлу туралы шешім шығарды. Осы сомманың жартысы зейнетақы қорынан аударылмақ. Қаржыгерлер ақша тек сенімді банктерге беріледі деп отыр. Бұл жолғы қарыз зейнетақы қорындағы проблемалық активтер соммасын көбейте ме, әлде керісінше мол табыс әкеле ме, оны алдағы уақытта көре жатармыз.

Ештеңеге қарамастан, зейнетақы жинақтарының таза инвестициялық табысы 4 айда 169 миллиард 300 миллионды құрапты. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 83 пайызға жоғары. Қордағылар өз-өзін жұмыспен қамтушылар мен жұмыссыздарды зейнетақы жүйесіне тартуға да кіріскен. Яғни, оларға жеке-жеке хабарласып, қарттықтың қамына кірісу жайлы ескертуде.

Мәмилә Мұсабекова, «БЖЗҚ» департамент директоры:

-Осы 2 айдың ішінде 117 мың салымшымызбен қарым-қатынас жасап, оларға телефон арқылы хабарластық. Осы 117 мың адамның ішінен 25 мыңдай адамның зейнетақы шоттарына осы уақыттың аралығында 150 миллиондай жарна түсті.

Зейнетақы қорында болып жатқан жағдайларды мен алдағы уақытта да бақылауда ұстаймын. Қазір сөз сіздерде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде