Ресей «Байқоңырдан» әскерін алып кеткелі жатыр
Ғарыш айлағында жұмыс істеп жүрген офицерлерді азаматтық қызметкерлер яғни қарапайым инженерлер ауыстырмақ.
Автор: Жәудір Оразхан
30.05.2018
Қазір айлақта 100-ге жуық әскери қызметкер бар. Ресми Мәскеу нақты шешім қабылдаған жоқ. Екіжақты келісім де басталмаған, әзірге тек жоспар. Ал еліміздің Қорғаныс және аэроғарыш министрі бұл бастама шын мәнінде жүзеге асса, Қазақстанға өте пайдалы шешім болмақ дейді. Себебі 2050-інші жылға дейін Ресейге жалға берілген «Байқоңыр» әскери режимнен босатылса Қазақстан өзге мемлекеттермен коммерциялық келісім жасай алады. Әлемде 1 мың жерсерік ұшуға кезек күтіп тұр екен. Бұл дегеніңіз миллиардтаған табыс. Ал қыруар пайда тауып отырған Кремль елімізге айлақ үшін жылына 115 миллион доллар төлеп қана отыр. Ал Бейбіт Атамқұлов 2025 жылы «Байқоңырдан» протон ұшыру тоқтайды. Гептилдің орнына оттек пен керосин жағатын ракеталар пайда болады деп уәде етті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!