{metadescription}
Алматыда мұғалімді қағып өлтірген автобус жүргізушісіне  үкім шықты
Алматыда мұғалімді қағып өлтірген автобус жүргізушісіне  үкім шықты

Алматыда мұғалімді қағып өлтірген автобус жүргізушісіне үкім шықты

Алматыда жол ережесін өрескел бұзып, жас мұғалімді қағып өлтірген автобус жүргізушісі сотталды. 45 жастағы Әнуар Жәнібеков енді 1 жарым жылын темір торда өткізеді.

-Бас бостандығымнан айырмайтын жаза сұраймын. Кінәмді мойындаймын. Істегеніме қатты өкінемін.

Бір айдан астам уақыт қамауда болған айыпталушы соңғы сөзінде болған жайтқа қатты өкінетінін жеткізді. Айта кетейік, 18 -сәуір күні Әнуар Жәнібеков Төле би мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысындағы бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, бойжеткенді қаққан еді. Ауыр соққы алған 24 жастағы Айғаным Мәкен оқиға орнында көз жұмған. Автобус жүргізушісі әу баста өзінің кінәсін толық мойындап, марқұмның жақындарынан кешірім сұраған болатын. Ал, прокурорлар соттан айыпталушыны 2 жарым жыл бас бостандығынан айыруды сұраған. Алайда, судья автобус жүргізушісінің осыған дейін сотталмағанын және оның кәмелетке толмаған үш баласы барын ескеріп, 1 жылын шегеріпті. №126 автобусты тізгіндеген Әнуар Жәнібеков отбасының жалғыз асыраушысы екен. Үйде бала тәрбиесімен отырған оның әйелі сот отырсында көз жасын тыя алмады. Жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтейтін ол 4 жыл бойы көлік жүргізу құқығынан да айырылды. Судья жол ережесін өрескел бұзып, апатты жағдай тудыратын қоғамдық көліктің жүргізушілеріне бұл үкім сабақ болу керектігін айтады.

Ерхан ТОТЫБАЙ Алматы қаласы Әуезов ауданы №2 аудандық сотының судьясы: 
- Бұл үкім басқа да автобус жүргізушілеріне қатаң ескерту. Әсіресе, автобус жүргізушілеріне. Себебі, көбісі адам қағып, екінші жақпен татулассам болды деп ойлайды. Сосын жол ережесін бұзып жүре беремін деп ойлайды. Ондай болмайды. Сол себепті осындай үкім шығардым.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде