Ақмола облысында бүтін бір елді мекен тұрмыстық техникасыз қалды
Жасыл ауылында тұрғындар электр қуатының қысқа тұйықталуынан шығынға батқан. Олар бір сәтте теледидар, тоңазытқыш, тіпті бейнебақылау камерасынан айрылған ел енді кімді кінәлайтынын білмейді. Өйткені оларға жарық беретін электр желісі 2010-шы жылдан бері иесіз екен.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
30.05.2018
Бурабай іргесіндегі 110 түтіні бар Жасыл ауылы күтпеген жағдайға тап болды. Таңертең тұрса, барлық тұрмыстық техникасы істен шығыпты. Телефон, интернет желісінің құрылғылары дейін, тіпті шағын дүкендеріндегі бейнебақылау камерасы да жарамсыз боп қалған. Тұрғындар ауылдағы электр желілерінің әбден тозғанын айтады.
Төлеген Тәшенов, Жасыл ауылының тұрғыны:
-Ай сайын ақшасын төлеп тұрамыз. Үй жанып кете ме деп қорқамыз.
Қатты жел соққанда электр бағаналары шайқатылып тұрады дейді тұрғындар. Бұл жағдай басшыларға да талай айтылыпты. Сөйтсе, бүтін бір ауылға қауіп төндірген электр станциясы иесі жоқ екен. Ал қуат көзін беретін компания желінің сапасына жауап бермейміз деп отыр.
АзаматАрғынбаев, «Көкшетау энерго» ЖШС «Шығыс» филиалының бөлімше басшысы:
- Мен жөндеуді істеймін. Әлі тапсырған жоқ бізге. Біздің баланста жоқ.
Дауылбай Қапезов, Атамекен ауылдық аймағының әкімі:
- Ешкім алғысы келмеді. Жөндеу үшін бюджеттен қаржы сұрады. Ақша болмады. Қазіргі таңда біз құжаттарды дайындап жатырмыз.
Ауыл әкімі желіні қалай да жеке компанияға жақында тапсырамыз деп тұр. Бірақ 8 жыл иесіз тұрған ескі нысанды жақында жөндеп беруге дайын отырған ешкім жоқ. Ал токтан келген шығынды жасылдықтар «Көкшетау энергоның» Шығыс филиалынан қайтарып алуға әлі де үмітті.
-Жасыл ауылының тұрғындары бұл түйткілдің шешілер уакыты әлдеқашан жеткенін айтады. Өйткені дал осындай жагдай откен жылы да болған. Онда жасылдыктар жарамсыз боп калган тұрмыстық техниканы лақтырып жіберіпті. Ал бұл жолы электр қуатын беретин компанияны сотқа беріп, мүлкімізді қайтарып аламыз деп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!