{metadescription}
Оралда жол жөндеп жүрген жұмысшылар жасыл желекті түбіне дейін асфальттап тастаған
Оралда жол жөндеп жүрген жұмысшылар жасыл желекті түбіне дейін асфальттап тастаған

Оралда жол жөндеп жүрген жұмысшылар жасыл желекті түбіне дейін асфальттап тастаған

Шаш ал десе бас алады. Енді қала тұрғындары көп жылдық ағаштар шіріп кетеме деп алаңдап отыр.

Людмила Твеленева, Орал қаласының тұрғыны:

-Бұл дұрыс емес. Тым құрығанда суғаратын жер қалдырмаған ғой. Ертең бәрі өліп қалады. Не деген сауатсыз, жауапсыз адамдар.  

Оралда жол жөндеу жұмысы қызып тұр. Биыл 50 көшені қалыпқа келтіру жоспарда бар. Алайда кей мердігерлердің салақтығы тұрғындарды шошытуда. Олар жол жиегіндегі талдарды түбіне дейін асфальттап тастапты. Халық шулаған соң ағаштарды құтқаруға  тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының қызметкерелері жетті. Бірақ қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Ал жасыл желекті жойып жібере жаздағандар, енді ағаштың түбіндегі асфальтты кесіп екі жұмыс істеп жүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде