{metadescription}
Шығыс Қазақстан облысын дүлей дауыл дүрліктірді
Шығыс Қазақстан облысын дүлей дауыл дүрліктірді

Шығыс Қазақстан облысын дүлей дауыл дүрліктірді

Өңір бойынша 11 нысанның шатыры қираған. Әсіресе, желдің жылдамдығы секундына 30 метр болған Аягөз және Жарма аудандары қатты зардап шекті. 

Жарма ауданына қарасты Шар қаласындағы балабақша шатырының 450 шаршы метрі жұлынып қалды. Сондай-ақ, Қалбатау ауылындағы аумақтық инспекция ғимаратының төбе жабындылары да қатты дауылға төтеп бере алмаған. Аягөз қаласындағы мектеп-гимназия мен Мамырсу ауылындағы білім ошағында да дәл осы жағдай. Бұл нысандардың нысан шатырының 120 шаршы метрін жел құлатты. Құдай сақтап, каникул болғандықтан зардап шекенндер жоқ. Енді, жергілікті билік өкілдерінен коммиссия құрылып, шыққан шығын көлемі есептеліп жатыр. Ал төтенше жағдай департаментіндегілер дауылдың болатынын жұртқа ескерттік дейді.

Анастасия Скляр, ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы:

-Біз дауылдың болатыны жөнінде ескерту қағазын жібердік. Ал 112 нөмірлі телефонға денсаулығына зақым келгендер туралы ақпарат түспеді. Сонымен қатар, алдағы күндері де желдің жылдамдығы өңір бойынша секундына 28 метр-ден асатынын ескертеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.