Парламентке маска тағып келген қыз депутаттарға суицидтен қалай аман қалғанын айтып берді
Депутат әрі омбудсмен Зағима Балиева өз-өзіне қол салмақ болған қыздың өмірін мысал ете отырып, елімізде суйцидтің өршіп тұрғанын айтты.Мәселен, былтырдың өзінде жүздеген ұл-қыз өмірімен қош айтысқан.
Автор: Досжан Маратұлы
31.05.2018
Иә, әдетте заң жобасы талқыланатын залда теперіш көрген жеткіншектің тағдыры қызу талқыға түсті. Оның жастайынан көрген қорлығы жиналғандарды бей-жай қалдырмады. Ал бет жүзін маскамен жасырған жасөспірім
не үшін өмірімен қоштасқысы келгенін тәптіштеп тұрып айтты. Қазір ағынан жарылған жеткеншіктің не дегенін бірге тыңдап көрелік.
-Әке-шешем 5 жыл бұрын қайтыс болды. Осы уақытқа дейін әпкемнің қолында тұрдым. Бірақ, өмір сүргім келмеді. Бір күні мектепте қиындықтар болып, суйцид жасаймын деп шештім. Бірақ, қолым бармады. Кейін 111-ге яғни «сенім» желісіне қоңырау шалдым. Ондағы психологтар өмірімді сақтап қалды.
Бұдан соң, Балиева барлық ата-ананы ұл-қызына көбірек көңіл бөліп, сырласып, сөйлесіп тұруға кеңес берді. Өйткені, оқушылар арасындағы өлім-жітім көп. Статистика адам шошытады. Былтыр елімізде 26 жасөспірім қаскөйлердің қолынан көз жұмған. Тағы 136-сы өз-өзіне қол салған.
ЗАҒИПА БАЛИЕВА, ҚР БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ:
-Былтыр жалпы алғанда 5300 бала ажал құшты. Көбі суға кетіп немесе көлік апатына түсіп көз жұмды. Бұдан бөлек, ұ л-қыздарды зорлау да әдемдегі өте өзекті мәселе. Қаншама бала қазір қиянат көріп жатыр. Бірақ, мұның көбі көлеңкеде қалады. Өйткені, ата-анасы мұны көпшіліке жариялап, масқара болғысы келмейді.
Мәжілісмен зорлық-зомбылықтан қорғау үшін балалар кодексін қабылдау керек дейді. Сөйтіп, елімізде кішкентай ұл-қыздардың ісімен айналысатын, бөлек судья, прокурор, тергеушілер пайда болуы тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!