{metadescription}
Ақтөбеде саяси қуғын сүргін құрбандарына ескерткіш ашылды
Ақтөбеде саяси қуғын сүргін құрбандарына ескерткіш ашылды

Ақтөбеде саяси қуғын сүргін құрбандарына ескерткіш ашылды

Ақтөбеде  қаралы дата ескерусіз қалмады. Мұнда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш ашылды. Жергілікті жұрт зұлмат жылдары жәбір көргендерді ұлықтауға арналған мүсінді орнатуды біраз жылдан бері сұрап келген еді. Ақыры ол биыл жүзеге асты.

Жаңа ескерткіштің орнында бұрын қолын созған Ленин тұрған-ды. Оны бір күнде басқа жерге көшіріп жіберген. Ал қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішті үш ай бойы қоладан құйыпты. Тұғырын гранит тастан қашаған. Ескерткіште басы салбырап, қайғыдан қан жұтқан адам бейнеленген. Бірақ соған қарамастан бар қайратымен адалдығын дәлелдеу үшін темір тікеннің құрсауынан шығуға талпынғаны көрсетіледі. Бұрын ақтөбеліктер 31-ші мамырда қаладан 15 шақырымдай жердегі Түйе төбеге жиналатын. Өйткені халық жауы атанғандарды сол жерде атып көмген. Ал ескерткішті ел қаланың қақ ортасына орнатуды сұрап біраз арызданды. Ол үшін мүсін орнатуға байқау жарияланып, алты бірдей жоба қатыстырылған. Ақыры мүсінші Ахмет Құбайдың туындысы үздік деп танылып, ол үш әріптесімен бірлесіп ескерткішті жасап шыққан.

Жәдігер Кенбай, мүсінші:

-Қаншама қиындық өткенмен де рухының жеңілмегенін көрсететін бір қоладан құйылған адам бейнесі. Ал жоғары жағындағы шаңырақ киелі. Шаңырағы шайқалмай аман шықтық деген сөздің белгісі болып тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.