{metadescription}
Күллі Қазақстан саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып жатыр
Күллі Қазақстан саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып жатыр

Күллі Қазақстан саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып жатыр

Зұлмат жылдардағы зобалаң. Бүгін елімізде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, қызыл террордың қылышынан баудай қырылған бабаларымыздың рухына құран бағышталды. Ал, Алматыдағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке қала халқы жиналып, гүлшоқтарын қойды.

Азалы жиында жергілікті билік өкілдері, тарихшы-ғалымдар,ашаршылық пен репрессия құрбандарының ұрпақтары мен жастар бас қосты. Көпшілік алдында сөз алғандар ұлттың тамырына балта шапқан кеңестік жүйенің кесірінжан-жақты айтып берді. Айта кетейік, өткен ғасырдың 20-шы және 30-шы жылдарықазақ даласында қолдан ұйымдастырылған ашқтыдан 4 миллионнан астам адам көзжұмған болатын. Ал, қаладағы саяси қуғын-сүргіндерді еске алу күні түсте Алматы облысының жаңалық ауылындағы мемориалдық кешенде жалғасты. Бұл жерде жазықсыз атылған 5 мыңға жуық ұлттық қаймағы жерленген. Ал, тарихшылардың мәліметінше, сталиндік репрессия жылдарында 25 мыңға жуық адамның тағдыры оққа байланыпты. Енді Жаңалық ауылында елеусіз тұрған  кешеннің жанынан музей құрылысы басталған.

Бейті Қойшыбаев, жазушы-тарихшы:

-Міне, іргесі көтеріліп қалды. Биыл күзде амандық болса ашылады деп отырмыз.   Сонда репрессия тарихы, ашарлық құрбандарының тарихы қозғалады деп есептеп отырмыз. Республика бойынша көрсетеді, әрі Алматы облысына көбірек орын береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде