Павлодарда тура сот ғимаратының ішінде төбелес шығарған адам қамауға алынды
Автор: Әйгерім Шакаманова
31.05.2018
33 жастағы Анатолий Кудинский сот залынан шыға салысымен әйеліне тіл тигізіп, тіпті оны ұрып жығуға әрекеттенген. Оның бұл қылығын заң бұзушылық деп таныған судья адуынды Кудинскийді жазалауды жөн көрген.
Әсел Құсанова, Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы:
-Павлодар қаласының тұрғынына қатысты сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін әкімшілік іс қаралды. Сот қаулысымен ол әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған бір тәулік мерзіміне әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды. Қазіргі таңда қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Ал оның бұлай ашулануына осыдан үш күн бұрын оқылған сот үкімі себеп. Кудинскийдің 5 жасар қызы былтыр күзде өзіне өгей әкесінің азғындық жасағанын баяндап берген. Бұдан соң 30 жастағы Виталий Дикальчуктің қамауға алынды. Бірақ арнайы жүргізілген сараптама қорытындысы бойынша бүлдіршінге еш зорлық жасалмағаны анықталған. Ал нақты дәлелдердің болмауына байланысты сот 30 жастағы Дикальчукты кінәсіз деп танып, бостандыққа жіберді. Мұнымен келіспейтінін айтып, енді өзі бір тәулікке қамалған қыздың туған әкесі соттың бұл шешімін де бұздыруға ниетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!