{metadescription}
Исекешов Астананың тас-талқаны шыққан жолдарын жаппай жөндеу үшін триллион теңге сұрады
Исекешов Астананың тас-талқаны шыққан жолдарын жаппай жөндеу үшін триллион теңге сұрады

Исекешов Астананың тас-талқаны шыққан жолдарын жаппай жөндеу үшін триллион теңге сұрады

Астананың шұрық тесік жолдарын жөндеу үшін триллион теңге қажет. Әсіресе, шет жақтағылардың жағдайы қиын. Кей жерлерінде тіпті көше де салынбаған. Ал алтыншы шілде қала күні қарсаңында  шенеуніктер бар қаржыны  Есілдің сол жағалауына құйып, жалтыратып жатыр. Ал Елорданың шетіндегі тұрғындарға триллион табылғанша, жол азабын тарта тұруға тура келеді. Жолдың жырын Ербол Тұрымбет жалғасын.

-Қала әкімі Әсет Исекешевтің айтуынша, Астанада жаңадан салынатын немесе қайта жөндеуді қажет ететін 91 көше бар екен. Сондай жағдайы қашқан көшелердің бірі міне, мынау. Мұнда не асфальт жоқ, не жаяулар жүретін тротуар да жоқ. Жалпы, Астананың жолдарының бүгінгі хал-күйі қалай? Оны қазір жүргізушілердің өздерінен сұрап көрейік.

-Осылай бітеп қояды кішкене шұқырларды. Ол бәрібір құртылатын жол ғой. 

- Қаладан шықсаң тас-талқаны шыққан жол. Астана деген статусқа сай емес.

Ирелеңдеген жолдар Астананың әсіресе шет жақтарының айнымас көрінісі. Ақмола Астана атанғалы бұл маңайға асфальт түспегенін осы көрінісі айғақтап тұр. Қала әкімі Әсет Исекешев оның бәрін мердігерлерден көреді.

Әсет Исекешев, Астана қаласының әкімі:  

-Мердігерлер сапасыз битум қолданып, жұмысын нашар істейді. Жолдың салыну технологиясы да дұрыс сақталмайды. Мәселен, асфальт төсеген кезде кем дегенде үш күн +15 градус болуы керек. Ал біздегі ауа райы оған мұрша бермейді.  

Ал әкімнің өзі жүретін қаланың ішінде ойлы-қырлы жол табу қиын. Өйткені, өңкей шенді-шекпенділердің алдында бір масаттануға бұл да таптырмас амал. Тақтайдай тегіс асфальтты тек қаланың орталық көшелеріне сала беріпті. Бірақ, Елорданың шетінде мынадай көшелер болмау керектігін әкім жақсы түсінеді.

Әсет Исекешев, Астана қаласының әкімі:  

-Біздің міндетіміз, осы екі жылда қаланың айналасын түгел асфальттап шығуымыз керек. Қазір арнайы зертхана аштық. Ол жолдың сапасын тексеретін болады. Сөйтіп, шетелдік мамандардың көмегімен осы жұмыстарды атқарайын деп отырмыз. 

Әкімнің айтуынша, Астананың жолдарын қалыпқа келтіру үшін триллион теңге керек. Ал әлгі жаңадан салынатын немесе жөнделетін 91 көшенің 70-тен астамы осы шеткері аумақтарда екен. Ол жақтарға жолды сапалы салу үшін шетелден арнайы маман алдырайын деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде