{metadescription}
Ақтөбеде атышулы Еркін Ізбасар 15 жылға сотталуы мүмкін
Ақтөбеде атышулы Еркін Ізбасар 15 жылға сотталуы мүмкін

Ақтөбеде атышулы Еркін Ізбасар 15 жылға сотталуы мүмкін

Ақтөбеде прокурорлар соттан «Ағайынды төртеу» ұйымының серкесі Еркін Ізбасарды 15  жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұған дейін екі рет түрмеге отырып шыққан оған бұл жолы тағылған айып ауыр.

Жарыссөз басталғанда Еркін Ізбасар ұйықтап отырған еді. Процесс кезінде қорылдап, күзетшілер оны оятумен әуреге түсті. Бірақ прокурордың ақырғы сөзінен соң ұйқысы қашып, мазасы кетті. Сот отырысын бейнетаспаға түсіруге келген операторларға қоқаң-лоққы көрсетті. Ал оған 13 бап бойынша айып тағылып отыр. Еркін Ізбасардың оң қолы, кеңесшісі, әрі қасынан бір елі қалмайтын көмекшісі Аухат Қалиевты прокурорлар он төрт жыл түрмеге қамауды сұрады. Ұйымдасқан қылмыстық топқа қолдау көрсеткен Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Рахат Ахановты алты жылға дейін бас бостандығынан айыруға өтініш білдірді. Жалпы, мұнда «Ағайынды төртеу» мафиясының айналасындағы 26 адам істі болып жатыр. Барлығының мұнай ұрлығына қатысы бар делінген. Олардың 17-сі былтырдан бері қамауда отырса, қалған тоғызы қолхатпен сотқа қатынап жүр. Ал үкімнің қашан шығатыны әзірге айтылмады.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.