{metadescription}
Ақмола облысында жансақтау бөліміне жатқызылған бала менингитке шалдыққан болуы мүмкін
Ақмола облысында жансақтау бөліміне жатқызылған бала менингитке шалдыққан болуы мүмкін

Ақмола облысында жансақтау бөліміне жатқызылған бала менингитке шалдыққан болуы мүмкін

Ақмола облыстық балалар ауруханасына аса ауыр жағдайда 10 айлық сәби жеткізілді. Кішкентай қыздың менингитке шалдығуы мүмкін деген күдік бар.

Нәресте Біржан сал ауданынан жеткізілген. Қазір жан сақтау бөлімінде жатыр. Әке-шешесі баланың ыстығының көтерілуі тіс жаруына байланысты деп ойлапты. Сөйтіп, сырқаты әбден асқынып кеткенде бір-ақ ауруханаға апарған. Дәрігерлер оның ауруының белгілеріне қарап, менингококк инфекциясын тексеріп жатыр. Сәбидің жағдайы әлі де ауыр. Бұған денесінде «атопикалық дерматит» яғни, аллергиялық бөртпесінің де бары әсер етуде. Енді дәрігерлер нақты диагноз қою үшін сараптама қорытындысын күтіп отыр.

Айнагүл Мусина, Ақмола облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары:

-Қазір белгілісі, ол менингитпен ауырған адамдармен қатынаста болмаған. Біздің инфекционистер эпидемияға қарсы шаралар жүргізу үшін сәби тұратын Біржан сал ауданына кетті. Нәрсетенің отбасы мүшелері, олармен қарым-қатынаста болған адамдар қаралып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде