{metadescription}
Қарағандыда ауыз су мен жарыққа жарымай отырған тұрғындар наразылық білдірді
Қарағандыда ауыз су мен жарыққа жарымай отырған тұрғындар наразылық білдірді

Қарағандыда ауыз су мен жарыққа жарымай отырған тұрғындар наразылық білдірді

Үлкен Михайлов аталып кеткен темір жол бекеті маңында тұратын жұрт кеңес үкіметінен кейін 300-ден аса шаңырағы бар ауданда қараусыз қалдық деп ашынады. Аялдамаға жету үшін 3-4 шақырым жерді жаяу жүретін олардың ауыз суды тасып ішкені былай тұрсын, жиі сөнетін жарық та жүйкесін жұқартқан.

Қала шетіндегі бұл аумаққа еріккен адам түгілі такси мен жәдел жердем де келмейді. Отыз жылдан бері жөндеу көрмеген жолдарында Қарағандының  әкім-қаралары да қарасын көрсетпейді екен. Әйтпесе, осы жұрт айтып та, жазып та жатыр.

Балапан Есмағамбетова, Қарағанды қаласының тұрғыны:

-Біздің әкімдер қайда? Ақшаны қалталарына басады да отырады, басқа бітіріп жатқан түктері жоқ. Тіпті жедел жәрдем келмейді. Былтыр келінімды қолыма көтеріп ап, темір жолдың арғы жағына өткіздім, перзентханаға жіберу үшін. Масқара ғой мынау , не жол дұрыс емес, не свет жоқ. Қараңыздаршы әр үйде аппараттан тұр. Сенбесеңіз көріңіздер.

Аппарат деп тұрғандары – тоқтың қуатын толықтырып тұратын мына құрылғы. Бұл болмаса үйдегі техника атаулы істен шығады. Тоқ қуатының аздығы мына саудасы біткен электр желілерінен де екен. Жарық беретін компания мұны жөндейін демейді. Қалада тұрса да өркениет ырзығынан жұрдай тұрғындар өткелі жоқ теміржолдан өтуге де еттері үйренген.

Бақыт Семізбаева, Қарағанды қаласының тұрғыны:

-Балабақша жоқ. Мектептерге балаларымызды вагондардың астымен өткіземіз. Сосын колонкада су жоқ тесіліп далаға ағып жатыр. Кетіп жатқан судың ақысын тұрғындардан алып отыр. Бірдеңе айтсақ, жауып тастаймыз, сусыз қаласыңдар деп қорқытады.

Ал шенеуніктер осы жұртқа су беріп, ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс боп тұрған кәсіпкерден су құбырларын алып, үлкен компанияның балансына береміз дейді. Сонда ғана жағдай тұрақталады екен. 

Ескендір Қабидолла, Қарағанды қаласы тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы:

-Қыркүйектің аяғына дейін «Қарағанды жарық» компаниясы осы көшелердегі желілерді жаңартады. Ал құбырларды «Қарағанды су» компаниясының балансына беру көзделіп отыр. Ол үшін құжаттарды ақтарып, алыс-беріс жұмыстарын жүргізуіміз керек. Теміржол өткелін «Қазақстан темір жолы» жасауы қажет. Оған біз араласа алмаймыз.

-Ал кеңес заманынан бері жөндеу көрмеген мына жолға қиыршық тас төсетеміз дейді шенеуніктер. Одан арғысы әзірге жоспарланбаған. Олар су мен жарықтың мәселесін де жылдың аяғына дейін біржақты қылатындарын айтады. Ал сайлау мен санақта ғана ескерілетіндер депутатымызды танымаймыз, әкімнің атын білмейміз дейді. Шенеуніктердің қарасын көрмейтін жұрт жылда берілетін құрғақ уәдеден де шаршағандарын айтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде