Қарағандыда кезекке таласқан келіншектердің бірі талып қалды
Қарағандыда денсаулығында ақауы бар балаларды қабылдайтын орталықта ата-аналар шу шығарды. Себебі, мүгедек балаларға арнайы балабақша мен оқу орындарына жолдама беретін осы мекеме мамандарының көп адамды қабылдауға қауқары жетпей қалған. Салдарынан бүгін тіпті, кезекте тұрған бір келіншек талып құлады.
Автор: Саят Сабдалы
01.06.2018
Таңертеңнен кезекте тұрып, ағзасы сыр беріп талып құлаған әйелді жедел жәрдем алып кетті. Бұл осында сарғайып тұрғандардың ашуын туғызды. Айтуыларынша, мүгедек балаларына оқу -тәрбие және емдік орындарға жолдама алу жыл өткен сайын қиындап барады. Бұны орталық мамандары да жасырмайды. Бұрнағы жылдары ел бұл мекеме қызметіне онлайн түрде жазылып жүріпті. Кезегі жеткенде келіп тұрған. Қазір талап өзгеріп, ата-ана өздері келетін болыпты. Осыдан кейін ұзын-сонар кезектегі жұртқа азғантай маман қызмет көрсетіп үлгере алмайды екен.
Жанар Ержолова, Қарағанды облыстық психолого-медико-педагогикалық консультациясының директоры:
-Қазір бір емес, үш орталықтың жұмысын атқарып жатырмыз деуге болады. Бұл оңай емес. Мемлекеттік мекеме болған соң бізге елді қадылдап, қарап шығуға арналған ыңғайлы ғимарат керек. Мамандар да жетіспейді. Әсіресе, невропатолог пен психиатрлар тапшы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!