{metadescription}
​Атакенттің сәні кірді
​Атакенттің сәні кірді

​Атакенттің сәні кірді

Бүгін балалар мерекесіне орай Алматыдағы Атакент көрме орталығында жаңа аллея ашылды. Балалар алаңы, жүгіру жолы, жаңа субұрқақтар салынған саябақ тұрғындар жиі келетін демалыс орнына айналады деп күтілуде.

Жаңадан ашылған саябақтың іші бүгін балалардың күлкісіне толды. Балғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін демалыс орнында концерт ұйымдастырылып, ертегі елінен келген қонақтар түрлі ойындар ойнатуда. Бүлдіршіндер ерекше сыйлықтардан да құр қалған жоқ.

-Тағы келемін осы жерге ойнауға. Бұл жерлер өте керемет. Тосын сыйлар жасап тұрады.

Әзірге 543 метрге созылған аллея толықтай жасыл желекке оранған. Көз жауын алатын 3 субұрқақ, ойын алаңы, жүгіретін жол салыныпты. Ал, тозығы жеткен орындықтар мен қоқыс жәшіктері жаңарып, тас жолдар мен жиектастар ауыстырылған.

Денис ВАН ден ВЕЙХ «Атакент» Қазақстан іскерлік ынтымақтастық орталығының президенті:

-Балалар біздің болашағымыз.Барлығы осы бүлдіршіндер үшін жасалды. Болашақта бұл аллеяның ұзындығы бір шақырымға жеткізуді көздеп отырмыз. «Атакентте» абаттандыру жұмыстары мықтап қолға алынды. 511 тал ектік, 6000 шаршы метр гүлзар төседік. Қала тұрғындары жиі келетін керемет демалыс орны болатынына сенемін.

Саябақтың ашылғанына кішкентайлармен қатар ата-аналар да қуанышты. Енді мұнда үлкен-кіші түгелімен келіп, таза ауамен тыныстап, тыныға алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде