{metadescription}
Оралда бағанаға оңбай соғылған автокөлік екі бөлініп қалды
Оралда бағанаға оңбай соғылған автокөлік екі бөлініп қалды

Оралда бағанаға оңбай соғылған автокөлік екі бөлініп қалды

Салдарынан 20 жастағы жүргізуші оқиға орнында жан тапсырған.  

Жантүршігерлік жол апаты жексенбі күні таңғы сағат 5 шамасында Жәңгір хан көшесінде болған. Жоғары жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан «Лада Приора» жолдан шығып кетіп, жарық бағанасына жаншылып барып тоқтаған. Соққының қатты болғаны соншалықты көлік ішіндегі үш адам 3-4 метрге ұшып кеткен. Ал, темір тұлпар қақ бөлініп, сау-тамтығы қалмапты. Көлік тізгініне ие бола алмаған 20 жастағы ер адам жедел жәрдем жеткенше тілге келместен көз жұмды. Оның ішінде отырған тағы екі адам түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

Айнагүл САҚБОСЫНОВА БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

-Соның біреуі 1991 жылғы азамат. Жабық бас-ми жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда жағдайы ауыр емес. Екінші ер адам 1998 жылғы. Оған ота жасалған. Жан сақтау бөлімінде жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде