{metadescription}
Бозымбаев қамауға алынған орынбасарын жақсы маман деп сипаттады
Бозымбаев қамауға алынған орынбасарын жақсы маман деп сипаттады

Бозымбаев қамауға алынған орынбасарын жақсы маман деп сипаттады

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев вице-министр Бақытжан Жақсалиевтің ұсталуына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Жақсалиев өз ісінің нағыз маманы. Сондықтан, қандай да бір түсініспеушілік болуы мүмкін.

 Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

-Мен ол кезде мүлде басқа жерде жұмыс істейтінмін. Сондықтан, бұл жағдайға қатысты ештеңе айта алмаймын. Бақытжан Мұхаметқалиұлын кәсіби энергетик ретінде білеміз. Ал оған қатысты тергеу шаралары министрліктің жұмысына еш әсер етпейді. 

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Бақытжан Жақсалиев 2015 жылы Щучинск-Бурабай демалыс аумағындағы көлді тазартуға бөлінген қазына қаржысын жымқырған. Оған жұмсалған шығынды 30 есе артық бағалап, құжатқа қол қойып жіберген. Соның кесірінен, мемлекетке 746 миллион теңге шығын келген екен. Дәл  осы көлге қатысты үш ай бұрын тағы бір вице-министр Ғани Сәдібеков те ұсталған еді. Ол да сол демалыс аймағындағы көлді тазартуға бөлінген миллиард теңгені мердіргер компания басшысымен бірге бөлісіп алған. Қазір екі вице-министр де үйқамақта отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде