{metadescription}
Нығматулин Қаржы министрін  ысырапшылдығы үшін сынады
Нығматулин Қаржы министрін  ысырапшылдығы үшін сынады

Нығматулин Қаржы министрін ысырапшылдығы үшін сынады

Қаржы министрі  қарыз алып қарамағындағы  қызметкердің  жұмысын шетелдік сарапшыларға бағалатқан. Есеп комитетінің мәліметінше, Бақыт Сұлтанов АҚШ, Еуроодақтан арнайы  мамандар шақыртып, полиграфологиялық зерттеу жүргізеді екен.  Бүгін Мәжілісте есеп берген Есеп комитетінің басшысы  министрге ескерту жасады.

Наталья Годунова, Есеп комитетінің төрағасы:

-Біз министрліктегі түрлі  зерттеулер мен халықаралық сарапшыларға жұмсалған бюджет қаржысын тексердік. Бір-біріне ұқсайтын зерттеулердің құны   әртүрлі болып шықты, кейбірі 60 есе қымбат. 

Мұны естіген депутаттар министрге жан-жақтан  тап берді. Өйткені, Қаржы министрлігі пайыздық өсіммен қыруар  қарыз алып, мамандарын оқытқан,  дөңгелек үстел өткізген және шетелден сарапшы шақыруға жұмсаған. Негізі бұл ақша  су құбырын тартуға, мектептерге материалдық көмек көрсетуге, ауруханалардың қажеттілігіне жұмсалу керек екен.

Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс төрағасы:

-Министрлікте маман жетеді. Жоқ, сіздер міндетті түрде жоғары пайызбен қарыз алып, халықаралық сарапшы шақыру керексіздер. Кейін ол берешекті   қалай қайтарасыздар? Бақыт Тұрлыханұлы, қызметкерлеріңіздің жұмысын өзіңізден артық кім бағалай алады?

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде