{metadescription}
​Талдықорғанда 15 жасар қыз сегізінші қабаттан құлап көз жұмды
​Талдықорғанда 15 жасар қыз сегізінші қабаттан құлап көз жұмды

​Талдықорғанда 15 жасар қыз сегізінші қабаттан құлап көз жұмды

Қайғылы оқиға кеше кешкісін құрылысы аяқталмаған ғимаратта болған.

Мәлім болғандай, биікке марқұммен 3 құрбысы да бірге шыққан. Жантүршігерлік оқиғадан соң, жедел жәрдем мен полицияны шақырған да солар. Көз жұмған Әлима Айдарқызының «Инстаграмм» желісінде тек жақын достары үшін ашық аккаунты болған. Ол үнемі өзінің жүрген жерін көрсетіп, тікелей эфирге шығуға әуес екен. Оқыс оқиға болған күні де сол әрекетін қайталапты. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, жасөспірім әлеуметтік желідегі суицидке итермелейтін топтарға тіркелмеген. Ал, құрылыс нысанында жұмыс 10 жылдан бері тоқтап тұрса да, айналасы қоршалмаған. Сондықтан, қызық іздеген жасөспірімдер осында жиі келіп, суретке түсетін көрінеді.

Көбейхан Нұрахмет, Алматы облыстық ІІД ресми өкілі:

– Қазіргі кезде бұл факт бойынша тексеріс жұмыстары жүргізіледі. Облыстық ювеналды полиция қызметкерлері осы фактіні бақылауына алды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде