{metadescription}
Астананың туған күнінде қаңғыбастар қаладан жаппай қуылмайтын болды
Астананың туған күнінде қаңғыбастар қаладан жаппай қуылмайтын болды

Астананың туған күнінде қаңғыбастар қаладан жаппай қуылмайтын болды

Астананың туған  күнін қаңғыбастар да қалада қарсы алады. Мерекеге жақындағанда Елордадағы тұрақты мекен-жайы жоқтарды жаппай шаһар сыртына шығарып тастамаймыз деqді полицейлер.

Игорь Лепеха, Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы:

-Үйсіздерді қабылдайтын арнайы орын бар. Тұрақты мекен-жайы жоқ адамдарды сонда орналастырамыз. Бірақ қаңғыбастарды ЭКСПО кезіндегідей ұшақ, пойызбен жан-жаққа тасу деген болмайды.

Бұл жолы қонақтар мен қала тұрғындарының еркін көңіл көтеруіне де ешкім кедергі келтірмейді. Астананың құрметіне жеңіл-желпі спирттік ішімдік ішіп алып, қызу жүрсеңіз де сақшылар  тиіспейді. Бірақ тәртіп бұзбау керек. Дегенмен, Елорданың мерейтойында  қала қатаң бақылауда болады.  Шаһарды үш мыңнана астам полицей күні-түні күзетеді.  Полицейлер, әсіресе, вокзал, әуежай және адам көп жүретін «Бәйтеректің» маңын ерекше қадағаламақ. Айта кету керек, Астананың туған күнін тойлауға бюджеттен 19 миллиард теңге бөлінген. Меркелік бағдарлама аясындағы шаралар басталып та кетті. Ал басты шоу, концерттерді жұрт шілдеде тамашалай алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде