{metadescription}
​Ақмола облысында мектеп мұғалімі қайнап тұрған битумға күйіп қалды
​Ақмола облысында мектеп мұғалімі қайнап тұрған битумға күйіп қалды

​Ақмола облысында мектеп мұғалімі қайнап тұрған битумға күйіп қалды

Тарих пәнінің оқытушысы Ринат Шарафутдиновты Зеленый бор мектеп гимназиясының директоры басқа мұғалімдермен бірге шатыр жөндеуге жұмсаған. Қатты желде ғимарат төбесіне шығып, жерден қайнаған смола құйылған шелекті ала бергенде  ұстаз құлап кеткен. Құлап бара жатып, сол жерде ойнап жүрген балаларды құтқару үшін ол битумды өзіне қарай шашыпты.

-Мектептің жанына мынадай бөшке қойып, битум қайнаткан күні де дәл осындай жел болған. Бірақ мектеп басшылығы төбені мұғалімдерге тезірек жөндетіп алғысы келіпті. Тарих пәнінің оқытушысы қара май қайнап тұрған шелектен аяғына ыстық тамшы тамып, содан жасқанып сүрініп кеткен.

Сүрінген бойда шелекті жерге тастап жіберуге де болар еді,- дейді әріптестері. Бірақ, 24 жастағы ұстаз сол жерде ойнап жүрген оқушыларының қауіпсіздігін ойлап өзіне қарай шашқан.Қайнап тұрған қара май бетіне, аяқ қолына жабысып қалған. Жан дауысы шыққан жігіт, денені күйдіре жабысқан смоладан құтыла алмай айғайға басқан. Сөйтіп, Бурабай аудандық ауруханасының  жан сақтау бөлімінен бірақ шығыпты.

Жас ұстаздың ата-анасы алдағы Ұлттық тестілеуге оқушыларын әзірлеп жүрген мұғалімді директордың шатыр жөндеуге қалай жібергенін түсінбейді.Оның үстіне қазір бастауыш сынып оқушылары сол жердегі ғимаратта жазғы еңбек лагеріне барып жүр.

Ғали Шарафутдинов, зардап шегушінің әкесі:

-Ол қайнаған битумы бар шелекті соңына дейін қолынан шығармаған. Өзін емес, өзгелерді ойлапты. Сонда мектеп басшылығы не ойлаған?. Дала жел, ондай жұмыстарды мамандары істемей ме? Енді міне, баламның денсаулығы не болады? Бетінде ойықтар қалса ше.Жас жігіт қой.

Кенжетай Бейсенбаева, Зеленобор мектеп-гимназиясының директоры:

-Қатты желде шатыр жабындылары ашылып, жаңбырда төбеден су сорғалады. Ұстаздардан жөндеуге көмектесуін сұрап едім, келісті. Жоғары жақтан түскен тапсырма емес. Менің кінәм бар. Барлық шығынын өтеуге әзірмін.

Қазіргі таңда есін жиған Ринат облыстық ауруханаға ауыстырылды. Дәрігерлер оның беті бері қарағанын айтады. Дегенмен, жабысқан ыстық қара майды күйген терісімен бірге  жұлып алып тастау науқасқа ауыр тиген. Ата-анасы болса, балалары аяғына тік тұрмайынша, мектеп директорына қарсы шағымдану мәселесін қоя тұрмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде