Маңғыстауда отқа ораған көлік ішінен адамдар дер кезінде қашып шыққан
Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан 9 адам зардап шегіп, бір автокөлік түгі қалмай жанып кетті. Оқиға кеше Жаңаөзен-Жетібай тас жолында орын алған. Куәгерлердің айтуынша, Lexus ES 330 автокөлігі алдындағы көлікті озбақ болып, қарсы бетке шығады. Салдарынан Toyota Avalon көлігімен бетпе-бет соқтығысады. Соққының қатты болғаны соншалықты Avalon көлігі әп сәтте отқа оранып, күлге айналған. Абырой болғанда темір тұлпар ішіндегі адамдар дер кезінде шығарылды. Қазір тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтауда.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
11.06.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
01 ақпан
31 қаңтар
Серіктестер жаңалықтары