{metadescription}
Қамауға алынған «Кедентранссервистің» вице-президенті 12 жылға дейін сотталуы мүмкін
Қамауға алынған «Кедентранссервистің» вице-президенті 12 жылға дейін сотталуы мүмкін

Қамауға алынған «Кедентранссервистің» вице-президенті 12 жылға дейін сотталуы мүмкін

Елорданың сол жағалауында кезекті тұтқындаулар жүріп жатыр.  Жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро бұл  жолы  "Қазақстан темір жолына" қарасты   «Кедентранссервис» акционерлік қоғамының вице-президентін қамауға алды. Ғалым Мұқанов ірі көлемде пара алды деп айыпталуда. Сонымен бірге Мұқановтың сенімді серігі де ұсталды.

- Жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро, квазимемлекеттік секторда лауазымды қызметкерлердің шатылып жатқанын біраз күн бұрын там-тұмдап жариялаған еді. Бірақ олардың кім екенін  қатаң

құпияда ұстап келген.  Бүгін қолына кісен салынғандардың бірі «Кедентранссервис» акционерлік коғамының  вице-президенті екені белгілі болды.

Ғалым Мұқанов ірі көлемде пара алды деген күдікпен  ұсталған. Ұлттық бюро өзге ақпаратты жария етпей отыр.  Сондықтан ауызбастырықтың көлемі мен оны не үшін және кімнен алғаны әзірге белгісіз.  Астана соты да, 40 жастағы вице-президенттің қамауға алынғанын ғана растады. Әрі онымен қоса, сатып алуды ұйымдастыру басқармасын басқарған негізгі сыбайласы Дулат Уваевта  ұсталған. Осыған қарағанда, бұл мекемеде де тендер майшелпекке айналған сияқты. 

Еркебұлан Тындыбаев, Есіл аудандық №2 сотының баспасөз хатшысы:

-№2 Есіл аудандық сотының шешімі бойынша Ғалым Мұқанов пен Дулат Уваевты 2 айға дейін қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды. Мерзім тамыз айының 6-на дейін.

Яғни, осы уақыт ішінде тергеушілер істі майшаммен қарап, «Кедентранссервис»  басшыларының былығы болса, толық әшкерелеуі тиіс. Жалпы, атына кір келген Мұқанов 2011-ші жылдан бері  «Кедентранссервисте» лауазымды қызметте  істейді. Мемлекеттік мекеме халықаралық жүк тасымалын кедендік рәсімдеумен айналысады. Ал шатылып жатқан Мұқанов былтыр ақпан айында Өндірісті қамтамасыз ету жөніндегі вице-президент болып тағайындалған.Жалпы, «Кедентранссервис»  Қытайдан келетін жүкті қабылдап, оны әрі қарай жөнелтумен айналысады.

-Осы жауапты қызметті небары 1 жыл 4 ай атқарған Мұқановтың карьерасына енді  нүкте қойылуы мүмкін. Кейбір мәлімет бойынша ол  жүйелі түрде ірі көлемде пара алып тұрған. Енді сыбайластардың кінәсі дәлелденсе, алған ауызбастырығын 70 есеге дейін қайтаруы немесе 12 жылға дейін түрмеге жабылуы ықтимал. Қазір күдіктілердің  екеуі де, уақытша қамау абақтысында жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде