{metadescription}
Алматы облысында ашынған жұрт суға жауапты компания басшысын жағадан ала жаздады
Алматы облысында ашынған жұрт суға жауапты компания басшысын жағадан ала жаздады

Алматы облысында ашынған жұрт суға жауапты компания басшысын жағадан ала жаздады

Өйткені сағаттап беретін тіршілік нәрі ораза басталғалы мүлдем тоқтапты. Үш жылдан бері зар илеген жұрттың әкім-қаралардан да көңілдері қалған. Айтуларынша, әкімдік сумен қамту мәселесін бір компаниядан екіншісіне тапсырудан басқа түк шешпейді екен.

-Қарасай ауданындағы төрт ауыл жұрты түгелдей тоқсаныншы жылдардағы қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткеруде. 650-ден астам тұрғыны бар ауылда ауыз су жоқ. Өйткені құдықтардағы тіршілік нәрі ластанып, адам тұрмақ мал суғаруға да жарамсыз болып қалған. Наразы топ су сұрап облыс, аудан әкімдіктерінің табалдырығын тоздырып жүр. Бірақ күні бүгінге дейін жанды жұбатар жауап жоқ.

Мұндағы құбыр жүйесі  осыдан 8 жыл бұрын жеке кәсіпкерге сенімді басқаруға беріліпті. Алайда кепілдік берген мекеме мәселені шешудің орнына, нағыз аптапта судан тарықтырып қоятын әдетіне қайта басты. Жұрт ақырында тіпті адам құсап жуынудан қалдық дейді.

Айхан Шәймұратқызы, Кемертоған ауылының тұрғыны:

-Су жоқ болды. Барсақ бізді керек та қылмайды.Міне, ораза айы бәріміздің аузымыз ораза. Дәрет алуды қойдық, намазды қойдық. Шындық қой.

Жергілікті билікке жағдайларын айтып, ештеңе өндіре алмаған жұрт бүгін суға жауапты серіктестік басшысының үйіне барып,  шу шығарды. Кезінде құбырларды жалғап, ауыз суды қосып беруге әр тұрғыннан 280 мың теңгеден жинапты. Былтырға дейін әр үй жоқ су үшін  4100 теңгеден төлеп келген. 

Ермек Әлімбаев,  Кемертоған ауылының тұрғыны:

-Осымен үшінші жыл қайталанып жатыр. Ішіп отқан суымыздың түрі міне сапасы, түрі осындай. Әр рамазан айында бізді сусыз қалдыратын «ТОО Көк Дала» сервис. Жиырма бірінші ғасырда өмір сүріп жатырмыз сусыз.

Не ішетін, не әжетіне жарататын суы жоқ қараша халық тіршілік нәрін енді дүкеннен сатып алуға мәжбүр. Ал әкімдіктегілер, сумен қамтуды басқа компанияға тапсырдық деп жайбарақат жүр.

Қадырбек Атшабаров, Іргелі ауылдық аймағының әкімі:

-"Көк Дала" әрі қарай мен істей алмаймын деп, "Тау Самалға" жалға берді. "Тау Самал" жұмысты атқарып жатыр.Скважинаның  түбі опырылып қазіргі таңда су жоқ. Енді олардың айтуы бойынша бүгін кешке немесе су болады.

Осылайша, ұңғыма қолдан қолға өтіп жатқанда, бар ауыртпалық тұрғындарға түсуде. Ауыл әкімі кезекті уәдесін үйіп-төккенімен, тұрғындар басшыға сенбейтіндерін жасырмады. Үш жылға жалғасқан даудың енді тағы қанша уақытқа созылатынын ешкім білмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде