{metadescription}
Астанада саудагерлер шу шығарды
Астанада саудагерлер шу шығарды

Астанада саудагерлер шу шығарды

Астанада жүздеген сатушы нәпақасыз қалуы мүмкін. Ашулы саудагерлердің айтуынша, әкімдік сауда жасауға тыйым салып, барлығын басқа орынға күштеп көшіріп жатыр екен. Өйткені олардың табыс тауып отырған базары енді жабылмақ. Бірақ, алысқа барудан бас тартқан саудагерлер жылы орнынан айырылғысы келмейді. Сондықтан олар базарды қалдыруды сұрады.

«Қазып тастады» деп шағымданып жатқан атышулы «Артемнің» жанындағы тағы екі базардың сатушылары. Соңғы бірнеше күннен бері барлығының мазасы жоқ. Өйткені «әкімдік қызметкерлері орынымыздан қуып жатыр» дейді саудагерлер. Тіпті, базарды жабу үшін жерге қазық қағып, айналаны қоршауға көшкен.

Гүлмира Бексүгірова, сатушы:

-Олар бізге ешқандай да ескерту берген жоқ. Не қағаз берген жоқ, айтқан жоқ.  Жауып қойса, бізді ешкім жұмысқа да алмайды. Бала-шағаны кім бағады? Кредитімізді кім жабады? Мүгедектер бар мына жерде күнін көріп отырған саудамен.

Үш жүзден астам сатушысы бар «Азия», «Олжас» секілді базарлары 10 жыл бойы істейді. Мұнда жұртқа қажетті тауардың бәрі бар. Бағасы да әлдеқайда арзан, әрі адам көп жүретін жерде орналасқан. Енді осындай табысты орынымыздан айырылатын болдық деген саудагерлер әкімдіктің мұнысы дұрыс еместігін айтады.

Феруза Османова, сатушы:

- Салықты төлеп тұрмыз уақытында. Ешқандай мін жоқ біз жақтан. «ИП» бар бәрімізде. «Жабамыз» сендерді деген күні бізге «Алай» базарынан қағаз таратты. Біздің ойымызша бізді бәрімізді сол базарға әкетпекші осы жерден.

-Сатушылар айтқан «Алай» базары болса, міне, қаланың сыртында орналасқан. Айналасында ештеңе жоқ. Сәйкесінше, клиент те аз. Сауда да қазіргідей болмайды. Сондықтан коммерсанттар орнымыздан кетпейміз деп бекініп отыр.

Десе де, орынды босатудан басқа амал жоқ секілді. Өйткені Елорданың көркін қашырған жабайы базар заңсыз жұмыс істеп тұр дейді әкімдіктегілер. Сондықтан ол жабылуы тиіс.

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ:

-Сауда орындары орналасқан жер телімдері кәсіп үшін емес, тұрғын үй салу мақсатында берілген. Көбі осы талапты бұзып тұр. Әрі базарда санитарлық және өртке қарсы ережелер сақталмаған.

Әзірге кәсіпкерлерге уақытша сауда жасауға рұқсат берілген. Бірақ кейін базар жұмысын тоқтатады. Сондықтан саудагерлердің басқа орын іздеуіне тура келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде