{metadescription}
«7-20-25»: Банктерге 200 миллиард теңге бөлінбек
«7-20-25»: Банктерге 200 миллиард теңге бөлінбек

«7-20-25»: Банктерге 200 миллиард теңге бөлінбек

Банктер зейнетақы қорының қаражатына телмірді. Өз бетінше аяқтан тұра алмаған екінші деңгейлі қаржы ұйымдарына мемлекет тағы жәрдем бермек. Атап айтсақ, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 200 миллиард теңгесіне қарық болады.

Одан бөлек, «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында екінші деңгейлі банктерге тағы 200 млрд. теңге бөлінеді. Ол ақша елді ипотекалық несиелендіруге жұмсалуы керек. Болашақта бұл ақша 1 триллион теңгеге дейін өседі деген болжам бар. Соның арқасында банктер ипотекалық несиелендіру көлемін 2 триллионға дейін арттыруға мүмкіндік алады.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

-Тұтастай алғанда, банк секторының тұрақтылығын арттыру бағдарламасы, «7-20-25» бағдарламасы, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының облигациялық бағдарламасы шеңберіндегі жаңа қарыздарды қосқанда банктердегі ұзақ қордың жалпы сомасы алдағы бір жарым-екі жылда 3,5 триллион теңгеге ұлғаяды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.