{metadescription}
Жандарбек Мәлібеков елтаңбадағы  "Қазақстан" деген жазудан бөлек тағы ненің өзгеретінін айтты
Жандарбек Мәлібеков елтаңбадағы  "Қазақстан" деген жазудан бөлек тағы ненің өзгеретінін айтты

Жандарбек Мәлібеков елтаңбадағы "Қазақстан" деген жазудан бөлек тағы ненің өзгеретінін айтты

Қазақстанда мемлекеттік мекемелер елтаңбаны өзгертуге жаппай әзірленіп жатыр. Себебі онда "Қазақстан" деген жазудан бөлек тағы бірқатар өзгеріс болады. Ең алдымен еліміздің аты латын әріптеріне ауыстырылмақ. Сонымен қатар, мемлекеттік рәмізде бұрын ескерілмеген кем-кетік  түзелмекші. Тиісті құжат қазір Парламентте қаралып жатыр.

Жандарбек Мәлібеков Елтаңбаның жаңа нұсқасын жұртқа жарияламай, әзірге құпия  ұстап отыр. «Мемлекеттік рәміздер туралы» заң жобасы қабылданып, стандарты бекітілмейінше оны көрсетпеймін дейді.  Бірақ Елтаңбадағы «Қазақстан»  деген жазу  латын әріпіне ауысып қана қоймайды.  Автор тағы бірқатар өзгеріс болатынын айтты.

Жандарбек Мәлібеков, Елтаңба авторы:

-Бұрын ескерілмеген жайлар бар. Соны қосып, осы стандартқа енгізіп жіберсем бе деген ой бар. Кереге тұр ғой Елтаңбада. Керегенің басы немен бекітіледі? Керегенің басы  көк деген түймемен, шарнир дейді. Сонымен бекітіледі. Былай қарасаң керегенің шарнирі көрсетілмеген. Соны көрсетсем бе деп отырмын.

Және «Қазақстан» деген жазудың астындағы бояу қанықтау болады. Сонда еліміздің аты алыстан бірден  көзге түседі екен. Ал жалпы  Елтаңбаның нобайы түбегейлі жаңармайды. Сенат «Мемлекеттік рәміздер туралы» заң жобасын келесі аптада қарауы тиіс.

Владимир Волков, Сенат депутаты:

-Заң жобасы бізге түсті. Құжатты арнайы жұмыс тобы, комитет қарады. Мәжіліс де ұзақ талқылады. Енді Сенаттың жалпы отырысында ортаға саламыз. Ал Елтаңбаны ауыстыруға қанша ақша, қанша уақыт кететінін Үкіметтің өзі есептейді.

-Елтаңба өзгереді деген ақпарат шыққалы арнайы зауыттар да қызу дайындық үстінде. Алайда ұсталардың қолында әзірге Мемлекеттік рәміздің жаңа стандарты жоқ. Дегенмен мамандар «Қазақстан» деген жазуды латын әріпіне ауыстыру аса қиын емес деп отыр.

Астанадағы Мемлекеттік рәміздерді жасап шығаратын зауыт күніне 500-ге жуық Елтаңба әзірлей алады. Кәсіпорын толық автоматтандырылған. Сондықтан қолмен темір қашап  отырған жұмысшы санаулы.

Темірлан Отарбаев, зауыт директоры:

-Біз де өзгерістерді күтіп отырмыз. Бүгінге дейін шығарған дайын Елтаңбалар енді жарамсыз болып қалды. Мемлекеттік рәмізді жасу технологиясына аса өзгеріс енбейді деп ойлаймын. Бірақ заң қабылданған соң бірден тапсырыс көбейетінін біліп отырмыз. Жылдам жасап беруге тырысамыз.

Жаңа заң жобасы күшіне енгеннен кейін  мемлекеттік мекемелердің  жаппай Елтаңба ауыстыруына тура келеді. Бұл бюджетке де қосымша шығын болғалы тұр.  Әзірге қанша қаржы жұмсалатыны белгісіз. Ал монеталарға келсек, ақшадағы Елтаңбаны ауыстыру не сол күйінде қалдыру мәселесін Үкімет пен Ұлттық банк шешеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде