{metadescription}
Алматы облысында жалақы алмаған жұмысшылар аштық жариялады
Алматы облысында жалақы алмаған жұмысшылар аштық жариялады

Алматы облысында жалақы алмаған жұмысшылар аштық жариялады

Ақша талап етіп аштық жариялады! Әбден шыдамдары таусылған Қапшағайдағы казино жұмысшылары кешелі бері астан бас тартқан. Тек қара су ішіп, әлсіреген топ сол ойынхана ішінде жатыр. 3 айдың еңбекақысын қолдарына алмай, олар райларынан қайтпақ емес. Тіпті, бүгін арнайы барған шенділер де жұмысшыларды көндіре алмады. Өткен айда жұмысын тоқтатқан казино қожайындары болса, 420 адамның мәселесін былай ысырып, өзара кескілесіп жүр екен.

Бұрын бұл жерде ойынхана қонақтарына мол дастархан жайылатын. Ал, қазір ашынғаннан аштық жариялағандар жатыр.

Әсел Көбенова, казино қызметкері:

-Екінші күн болды аштық жариялағанымызға. Қан қысымым түсіп түсіп жатыр, қол аяғымыз дірілдеп жатыр.

Айлығын даулағандардың жалпы саны 420 адам. Бәрі де қожайындары бір -«Алтын алма», «Алма city» казиноларында жұмыс істеген. Өткен айда ойынханалар аяқасты жабылыпты. Сол кезде 3 айлық ақшаларын сұрап, баса-көктеп кірген жұмысшылар әлі де осында жүр. Көк тиын көрмеген соң, олар қарызға белшеден батыпты.

Ақжан Дәулетиярова, казино қызметкері:

- Барлықтары пәтерде тұрады. Кредиттері бар. Бала-шағалары бар.

Сорақысы сол, ойынхана иелері бұларды қызметке құжатсыз қабылдаған. Сондықтан, құзырлы орынға жүгіне алмайды. Есесіне, шенді-шекпендінің табалдырығын тоздырған. Бұған дейін елеп-ескермеген билік өкілдері бүгін ғана мұнда бас сұқты. Сөйтіп, ас ішпей жатқандарды райынан қайтаруға тырысқан.

Жақсылық Омар, Алматы облысы әкімінің орынбасары:

- Мәселенің мән-жайын анықтауымыз керек. Жаңағы екі акционермен жұмыс жүргізіп, сіздердің жалақыларыңызды алуға біз жұмыс істейміз.

Қос қожайынмен кім сөйлессе де қаражат өндіріп алулары екі талай. Өйткені, олар өзара қырқысып жүр екен. Екеуі келісімге келмей, қарыздары қайтарылмақ емес.

Ерлан Қашағанов, казино директоры:

-Қожайындар өзара келісімге келе алмай жатқандықтан, мына «Алма city» ғимараты сатылмай жатыр. Сатылғаннан кейін барлық қарызымызды  төлейміз.   Екеуінің де келісімі керек. Екі қожайынның да. Келісім бермейінше сатылуы мүмкін емес.

Ал, жұртқа ақшаларының тез арада берілгені керек. Сондықтан, аштық жариялау шарасын әлі тоқтатқан жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде