{metadescription}
Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро Қарашев пен Мұқановты ұстау сәтіндегі видеосын жариялады
Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро Қарашев пен Мұқановты ұстау сәтіндегі видеосын жариялады

Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро Қарашев пен Мұқановты ұстау сәтіндегі видеосын жариялады

Сол жағалауда ірі тұтқындаулар жалғасып жатыр. Жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро бұл жолы Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысын ірі көлемдегі парамен ұстады. Ауызбастырықты оңды-солды алған Анарбек Қарашев қазір уақытша қамау абақтысында. Әрі Ұлттық бюро шатылып жатқан «Кедентранссервис»-тің вице-президенті  Ғалым Мұқановқа қатысты да тың мәліметтермен бөлісті.

Жемқорлықпен күрес бюросының қызметкерлері, Жауапты хатшыны үйінде жайбарақат жатқан кезінде ұстаған. Тергеушілер  Анарбек Қарашевтың соңынан ұзақ уақыт бойы аңдып, кейін «пара алды» деген күдікпен оның үйіне баса-көктеп кірген. Тінту кезінде миллиондаған ақша табылды. Жалпы, тергеу мәліметтеріне қарағанда, Қарашев тендерді  майшелпекке айналдырған министрлікке қарасты мекеме директорларының былығына көз жұмып келіпті. Сөйтіп, осы үшін олардан жүйелі түрде ауызбастырық алып отырған.

НҰРЛАН ЖАХИН, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

-Қызмет бабын пайдаланған Қарашев, 10 миллион теңгеден пара алып отырған. Жалпы, осы қылмысқа қатысы бар 6 адам қамауға алынды. Екеуі уақытша қамау абақтысында қалғаны үй қамақта отыр.

53 жастағы бұрынғы жауапты хатшы,Сыртқы істер министрлігінде ұзақ жылдар бойы еңбек еткен. Германия, Австриядағы елшілікте хатшы, ал Словакия мен  Чехияда   елші болған.  Кейін Астанаға қайтып келіп, 4 жыл Сыртқы істер ведомствасында хатшылық қызмет атқарды.

Иә, Ұлттық бюро Ғалым Мұқановтың ісіне қатысты да айтты. «Кедентранссервистің» вице-президенті «ірі көлемде алаяқтық» жасағаны үшін ұсталған екен. Міне, мына видеода Ұлттық бюро қызметкерлі оның қолына кісен салып, кабинетін тінтіп жатыр. Мұқанов сатып алуды ұйымдастыру басқармасының басшысы Дулат Уваевпен және жеке фирма басшысымен бірігіп, мемлекеттік сатып алуға бөлінген ақшаны жымқырған көрінеді.

НҰРЛАН ЖАХИН, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: 

Кедентранссервике» қызмет көрсету үшін жеке серіктестікке 24 миллион теңгеге жуық ақша бөлінген. Бірақ, жұмыстар мүлдем істелмеген. Сыбайластар, жалған құжаттар дайындап, қызмет атқарылды деп есеп берген. Кейін ақшаны өз ара бөліп алған. Осы сомманың көп бөлігі, яғни 17 миллион теңгесін Мұқанов қалтаға басқан.

Шетелден темір жол арқылы келетін жүкті қабылдап, оны әрі арай жөнелтумен айналысатын компанияның вице-президенті те қазір қамауда отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде