{metadescription}
Жаңа омбудсмен балаларды кімнен және қалай қорғамақ?
Жаңа омбудсмен балаларды кімнен және қалай қорғамақ?

Жаңа омбудсмен балаларды кімнен және қалай қорғамақ?

Елімізде жасөспірімдерді қорғау мәселесі бір жүйеге келтірілуі тиіс. Жаңадан тағайындалған балалар омбудсмені Сәуле Айтбаева жеткіншектердің құқығын қорғау ісін заң тұрғысынан жетілдіруді көздеп отыр.

Сәуле Мұхамедиянқызы біраз жыл Бас Прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетін басқарған. Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы  жалғыз генерал әйел. Ол балалар құқығы бойынша Жоғарғы сот, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі мен қоғамдық ұйымдар арасындағы байланысты нығайтпақ. Ал бұл қызметті осыған дейін атқарған Зағипа Балиева бастаған ісімді бітірмей тынбаймын деп отыр. Оңтүстікқазақстандық 7 жасар баланы жоғары сыныптың 4 оқушысы зорлады деп айыпталғаннан кейін Балиева тиісті министрліктермен бірге үш бірдей заң жобасын құрастыруға кіріскен еді. Ол бойынша елімізде балалар прокуроры, балалар тергеушісі және балалар судьясы болуы мүмкін. Ал бұл іспен жаңа омбудсмен әлі таныспаған.

  Сәуле Айтбаева, Қазақстанның Бала құқықтары жөніндегі уәкілі:

-Рас , ол заң жобаларын көрген жоқпын. Оны қарауым керек. Зағипа Яхияқызын жақсы білем.  Онымен әлі кездесеміз. Қандай құжаттар бар, оны маған береді. Сосын мен сіздерге айта алам.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде