Петропавлда Мағжан Жұмабаевтың тұңғыш өлеңдерінің жинағы алғаш рет жұрт назарына ұсынылды
Республикалық мұрағатта талай жыл шаң басып жатқан құнды дүние туралы ақпаратты мағжантанушыларға түрік мамандары беріпті. 2018 ТҮРІКСОЙ халықаралық ұйымының шешімімен Мағжан Жұмабаевты еске алу жылы деп жарияланған болатын.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
13.06.2018
Жиын-тойларда айтылып жүрген бұл әннің сөзі Мағжан лирикасына негізделіп жазылғанын біреу білсе, біреу біле бермейді. Оны орындап тұрған ақынның немере інісі Тасболат Бекенов. Мағжан туралы әкем маған көп айтып отыратын дейді қария. Олардың арғы аталары Жұмабай кезінде Құнанбайдың кеңесшісі болған. Мағжан болмаса Әміре Қашаубаевтың Парижде салған әні де тарихта қалмас па еді дейді қария.
Тасболат Бекенов, М.Жұмабаевтың немере інісі:
- Әміре Қашаубаевқа Мұңайтпасов барған. Сөйтіп давай сен дайындал Францияға барасың қазақтардың кім екенін танысын депті.
Биыл ақиық ақынның туғанына тура 125 жыл толады. Бұл мерейтой халықаралық деңгейде аталып өтпек. ТҮРІКСОЙ 2018-ді Мағжан Жұмабаевты еске алу жылы деп жариялады. Мереке аясында облыстық мұрағатта ақынға арналған көрме ұйымдастырылды. Оның ішінде ең құнды жәдігер –Мағжанды поэзия әлеміне ақын ретінде танытқан алғашқы өлеңдер жинағы. 1912 жылы Қазан қаласында жарық көрген дүниені ғалымдар ұзақ іздепті.
Сәуле Мәлікова, СҚО мемлекеттік мұрағатының директоры:
-Көптен бері біз ол осы өлеңдер жинағын іздеп таба алмай жүрдік. Биылғы жылы ақпан айында ТҮРІКСОЙ-ға барған уақытында сонда біз ғалымдармен түркі ғалымдарымен сөйлесе отырып, осы түпнұсқаның біздің осы өзімізде екенін анықтадық. Сөйтсек, ол Алматыда ғылым академиясының көне жазбалар қорында ол сақтаулы тұр екен.
Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған негізгі шаралар оның туған жері – Солтүстік Қазақстан облысындағы Сарытомар ауылында жоспарланған. Оған түркі тілдес елдердің бәрінен арнайы делегациялар келеді деп күтілуде. Петропавлда ақын атымен аталған көшеде оған арналған шағын саябақ бар.
-Мына жерде талай жылдан бері Мағжан Жұмабавқа арналған шағын ескерткіш тұрған еді. Атқамінерлер оны жуырда алып тастап, ақынның туған жеріне апарып орнатыпты. Ал жаңасы алдағы аптада салтанатты түрде ашылатын болады. Оған Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан сынды түркі елдерінен келген делегация мүшелері гүл шоқтарын қойып тағзым етпекші.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!