Ақтөбеде менингококтық инфекция жұқтырған сәби жансақтау бөлімінде жатыр
Қауіпті ауру еліміздің батыс өңіріне де жетті. Ақтөбеде тоғыз айлық баладан менингококтық инфекция табылған. Бүлдіршін қазір ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
14.06.2018
Дәрігерлер оның беті бері қарап келе жатқанын айтады. Бірақ құлан таза айығып кетуіне қатысты сөз қозғауға әлі ерте. Сәбидің көзі жасаурап, ыстығы көтерілгенде ата-анасы суық тиді деп топшылаған. Тек тынысы тарылған кезде ғана жедел жәрдем шақырып, жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізеді. Мұндағылар сынама алып, дертті қоздыруға менингококк себепші болғанын үш күн дегенде анықтады.
Нұрсұлу Беркімбаева, Ақтөбе облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы:
-Тоғыз айлық бала. Симптомдары ОРВИ ретінде әуелі түскен. Сосын барып менингококты инфекция ықтималдығы қойған. Қарым-қатынаста болған адамдар барлығы тексерілді. Тексеріс нәтижесі бәрі теріс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!