ОҚО-да оқушының орнына басқа баланы кіргізген мұғалімдер дауға қалды
Оқу жылы аяқталса да Оңтүстік Қазақстан облысындағы мектепте шу шықты. Кеңсай ауылының тұрғыны Жәмила Сәлімбаева мұғалімдер қызымды емтиханға кіргізбей қойды деп шағымданып отыр.
14.06.2018
Жәмила Сәлімбаева, оқушының анасы:
- Менің қызымның орнына басқа қызды отырғызған. Менің қызымды сыртқа шығарып жіберген. Неге менің қызымның оқушы отырғанша өзі отырмайды. Мейлі екі, үш алса да өзі қатысып, алуы керек еді.
Ауыл тұрғынының айтуынша, сырттан келген комиссияның алдында ұятқа қалмау үшін ұстаздар осындай қадамға барған. Назерке Қанатқызын тестке жібермей, орнына жоғары сынып оқушысын кіргізіпті. Бес баланы жалғыз асырап отырған ана қызының ел қатарлы тест тапсырмай шеттеп қалғанына ашулы. Мектеп басшылығына да шағымданған. Бірақ олар өздеріне шаң жуытар емес.
Сұлтан Нұрболат, мектеп директорының орынбасары:
-Бізде ондай тест жоқ. Тек мемлекеттік емтихан бар болды. Тест ҰБТ тек 11- де ғана. Ол ата-ананы түсінбедім мен қандай тест екені.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!