{metadescription}
Ақтөбеде шенеуніктер қирап жатқан үйді апатты деп танудан бас тартты
Ақтөбеде шенеуніктер қирап жатқан үйді апатты деп танудан бас тартты

Ақтөбеде шенеуніктер қирап жатқан үйді апатты деп танудан бас тартты

Ақтөбеде  ағаштан тұрғызылған қос барақ үйді тұрғындар апатты деп тануды сұрап отыр. Өйткені, тақтай жақтаулары шіріп, қабырғасы тесіле бастаған. Сіріңке тисе бір сәтте жанып кеткелі тұр. Дегенмен, шенеуніктер қос ғимаратты апатты үйлер қатарына қосуға асығар емес. Өйткені, 40 жыл бұрын салынған жатақхананың құжаты сақталмапты.

Бұл үйлер осыдан қырық жыл бұрын геолог мамандарға арналып салынған. Ол кезде іссапармен алыстан келгендер ғана аялдап, қысты күні жабық тұратын болған. Ал қазір қос барақты алпыстан астам отбасы паналап отыр. Қырық жыл ішінде үйдің ағаш қабырғасы шіріп, төбесі тесіле бастапты. От тұтанса барақтан шығып үлгермей, күлге айналамыз дейді тұрғындар.

Болатбек Төремұратов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Шіріп жатыр. Шырпы тисе екі бастан. Әр жері тесіліп жатыр жардың ар жақ, бер жағы.

Бұл жатақханаларда жарықтан басқа ештеңе жоқ. Суды тасып ішеді. Газ да тартылмаған. Ең сорақысы дәретхана үшін барақ маңындағы көрші үйдің тұрғындарымен қырқысуға тура келеді. Себебі айналаны түзге шығатын шұңғырларды қазып, бүлдіріп біткен. Ал исі мұрын жарады.

-Бұл үйде тұрғындардың қажеті үшін кәріз құбыры қарастырылмаған. Сондықтан қос жатақхананың ортасына мынадай әжетханалар орнатып алыпты. Оның өзін күні бойына күзетуге мәжбүр. Өйткені, ойын баласы жүгіріп жүріп түсіп кетер деп қорқады.

Бұзылғалы тұрған қос үйдің тұрғындары шенеуніктерден ғимаратты апатты деп тануды сұрап отыр. Ескіргеніне байланысты есепке алса, тұрғындар да үй кезегіне тұрар еді. Бірақ әкімдіктегілер бараққа қатысты құжаттың жоқтығы қол байлау болып отырғанын айтады.

Ақнұр Қазыбаева, Ақтөбе қалалық тұрғын үй инспекциясы басшысының міндетін атқарушы:

- Тұрғындарға да айттық олардың құжаттары заңдастырылмаған. Олар әділет басқармасында тіркелген жоқ. Үйдің техникалық паспорты жоқ. Жер актісі жоқ.

Кезінде геологтар бұл барақтарды не бары 3-4 жыл пайдаланады деп жоспарланған. Одан соң сүріліп тасталуы керек жатақханада қырық жыл бойы жұрт тұрады деп құрылысшылар әсте ойламапты. Сондықтан құжат та толтырылмаған. Енді тұрғындар оны реттеу үшін өздері жиналып кондаминум құру керек. Сол кезде ғана арыздары қаралады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде