КТК телеарнасының туындысы халықаралық байқауда жүлде алды
Қысқа метражды кино түсіруден алдына жан салмайтын кілең мықтылардың арасында отандық бейнеролик үшінші орынды иеленді. Балалар арасындағы суицид мәселесіне арналған жобаға Тұңғыш президент қоры қолдау көрсеткенін айта кетейік.
Автор: Аруна Ортай
14.06.2018
«Дочь» деп аталатын туынды мектеп оқушысы жайында. Ата-анасы жиі ұрыса беретін болған соң қыз бала өз-өзіне қол салуды ойлайды. Туынды қит етсе, ұрыс шығаруға дайын ересектерге ескерту іспеттес. Өйткені, көп жағдайда зардап шегетін ортадағы бала. КТК аранасының туындысы Киевте өткен қысқаметражды кино жанрындағы халықаралық байқауыдағы қазылар алқасының көңілінен шығып, қола жүлдемен марапаттады. Жоба Тұңғыш президент қорының қолдауымен экранға шыққан болатын. Ал сценарий мен әртістерді іріктеумен «Strana media team» компаниясы айналысқан.
Наталья Фазылжанова, «Strana media team» студиясының директоры:
-Жалпы қыздар отбасыда өте нәзік келеді. Ата-анасы арасындағы жанжалды олар жан жүрегімен қабылдайды. Бұл туынды арқылы біз азаматтарға өз бастарынан бұрын, балаларының жағдайын ойласа деп едік. Әрине, әлеуметтік тақырыптарда мұндай мәселені көтерген маңызды. Өйткені, отбасы құндылығы қашанда жоғары деп есептейміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!