Тұңғыш Президент қорының лауреаттары алматылықтарды таңқалдырды
«Жүректегі арманмен шыңдарға шығу жолында»! Алматыда Елордамыздың 20 жылдығына арналған үлкен гала-концерт өтті. Аталмыш шараға Тұңғыш Президенті қорының лауреаттары қатысты. Классика жанрының жұлдыздары Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында.
Автор: Әсем Лесбек
14.06.2018
Симфониялық оркестор және классикалық әуендер. Абай атындағы Опера және балет театрында ине шаншар орын болмады. Көрермендер еліміздің түкпір-түкпірінен арнайы келіпті. Кеште әлемге әйгілі, түрлі музыкалық туындылар орындалды. Классикалық өнердің майталмандары Абайдың ариясын, «Кармен» операсынан поппури, «Таис медитациясы" сияқты опера өнерінің маржандарын орындады.
Сүндет Байғожин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
-Абай атындағы Опера және балет театрында жыл сайын біз лауреаттар жиналып өз өнерімізді көрсетеміз. Біз үшін бұл үлкен құрмен. Өйткені Елбасы қоры барлық өнердегі үздіктердің еңбектерін бағалап осындай лауреат болуға үміттендіреді.
Астананың 20 жылдығына арналған шарада еліміздің еңбек сіңірген қайраткерлері Медет Шотабаев, Гаухар Тасбергенова да өнер көрсетті. Ал Тұңғыш Президент Қоры 2008 жылдан бері жас дарындарға қолдау көрсетіп келеді.
Біржан Хасанғалиев, ҚР Тұңғыш Президент қоры, Мәдениет Кеңесінің төрағасы:
-Он жыл бойы Тұңғыш Президент Елбасы Қоры, соның жанында орналасқан мәдениет саласы бойынша кеңес, жыл бойы осындай жұмыс атқарып жылдың соңында мықты лауреаттарды, хордың лауреаттарын таңдайды. Міне солардың іріктеп алынғандары бүгінгі опера және баллет театрының сахнасында
Сонымен қатар, мұнда бас қаламыздың мерейтойына арналған фотокөрме болды. Ал концерт соңында қонақтарға қордың әзірлеген «A day in Astana» фотоальбомы сыйға тартылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!